Әз Наурыз АҚШ-та тойланады
ЫСТАМБҰЛ. 24 Наурыз. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымының шақыруымен келіп, Түркияның Ыстамбұл, Анкара қалаларында Наурыз мерекесіне қатысқан түркітілдес елдердің өнер ұжымдары кеше АҚШ-ты бетке алды.
Жылдағы дәстүр бойынша түркітілдес елдерден келген 170-тен астам өнерпаз әуелі Ыстамбұлға жиналып, 19 наурызда Айюб ауданының стадионында өнер көрсетті. Іс-шаралар 20-21 наурызда Анкарада Кечөрен ауданында, Анкара қалалық театрында, Гази университетінде жалғасын тапты. Бір қуанарлығы, концерттердің барлығы қазақша «Наурыз» әнімен ашылып, сахна жабыларда да осы әнді бүкіл түркі халықтарының өнерпаздары қазақша қосылып шырқады. Туыс елдерден келген өнер топтарын Түркияның Мәдениет және туризм министрі Ертоғрул Гүнай қабылдап, ыстық ықыласын білдірді.

Түркияда басталған шеру енді мұхиттың арғы жағындағы Америкада тойланатын болды. Шығыс халықтарының ортақ мейрамы - Наурыз мерекесін дүниежүзілік деңгейге шығаруды, Ұлыстың Ұлы күнін адамзаттың ортақ мейрамына айналдыруды мақсат еткен ТҮРКІСОЙ ұйымы тарихта тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде көктем мерекесіне қатысты түркі халықтарының мәдени дәстүрлерін сахналайтын болады. Дүбірлі шараға Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Алтай, Тыва, Хакасия, Гагауз жері мен Қырымнан 130-дан астам өнерпаз қатысады. Алғашқы театрландырылған концерт 24 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде өткізіледі. Келесі күні Гарвард университетінде конференция ұйымдастырылып, 26 наурызда - Нью-Йоркта Тоун Холлда, 28 наурызда - Вашингтонда Линкольн театрында концерттер қойылады.
АҚШ-тағы Наурыз тойына қазақ елінің атынан «Ұлытау» тобы, «Гүлдер» би ансамблі және биші Әнел Нұрсейітова қатысады.