Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3434 1 пікір 17 Қыркүйек, 2018 сағат 10:50

Қазақстан халқының саны 18,29 млн адамға жетті

Қазақстанда халық саны 2018 жылдың 1 тамызында 18 млн 292,7 мың адамға жетті. Бұл 2017 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіштен 238,7 мың адамға немесе 1,3% артық.

Бұл мәліметті ҚР ҰЭМ Статистика комитеті таратып отыр.

Атап айтқанда, есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 544,3 мың адам немесе 57,6 процент, ал ауыл халқының саны 7 млн 748,4 мың адам немесе 42,4 процент. Республика халқының табиғи өсімі есептік кезеңде 4,4 мың адамға (3,1%) өсіп, 150 мың адамды құраған.  Қарастырылып отырған кезеңде 78 мың адам қайтыс болған, былтырғыдан 1% артық. Көші-қон органдарының ұсынған ақпараты бойынша, 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында елімізге келіп тіркелгендер саны 2017 жылғы көрсеткіштен 24,8% азайып, 7306 адам болған. Елімізден кетіп жатқан мигранттар саны 12,8% артып, 21 894 адамды құраған. Негізгі миграциялық алмасу ТМД елдерімен жүріп жатыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2047
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4909
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4108