Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4010 0 пікір 24 Наурыз, 2011 сағат 09:53

ЕҚЫҰ. Сайлау. Аралық есеп

2011 жылдың 4 ақпанында Қазақстан Республикасы Президенті мерзімінен бұрын президенттік сайлау 3 сәуірде өткізілетіндігін мәлімдеді. Бұл мәлімдеме азаматтар Президенттің мерзімін  2020 жылға дейін ұзарту туралы референдум өткізуге бастама көтергеннен кейін жасалды.

Сайлауға бастапқы 22 үміткердің ішінен төрт кандидат қатысатын болды. Бірқатар оппозициялық партиялар мен көшбасшылар талапқа сай сайлау өткізуге мүмкіндіктердің жоқтығын және сайлауалды үгіт жүргізуге уақыттың тарлығын негізгі себептер ретінде келтіріп, сайлауға қатыспау туралы шешім қабылдады және/немесе байкот жариялауға үндеу тастады.

Қазақ тілі бойынша міндетті сынақ тапсыруды қолдануда критерийлер анық болмады және үміткерлерді қолдайтын қолтаңбаларды тексеруде ашықтық талабы сақталмаған.

Сайлау туралы заңға жақында, 2009 жылы және 2011 жылдың ақпанында түзетулер енгізілді. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ алдыңғы көптеген кеңестері жауапсыз қалып отыр және құқықтық базада маңызды кемшіліктердің болуы жалғасуда.

2011 жылдың 4 ақпанында Қазақстан Республикасы Президенті мерзімінен бұрын президенттік сайлау 3 сәуірде өткізілетіндігін мәлімдеді. Бұл мәлімдеме азаматтар Президенттің мерзімін  2020 жылға дейін ұзарту туралы референдум өткізуге бастама көтергеннен кейін жасалды.

Сайлауға бастапқы 22 үміткердің ішінен төрт кандидат қатысатын болды. Бірқатар оппозициялық партиялар мен көшбасшылар талапқа сай сайлау өткізуге мүмкіндіктердің жоқтығын және сайлауалды үгіт жүргізуге уақыттың тарлығын негізгі себептер ретінде келтіріп, сайлауға қатыспау туралы шешім қабылдады және/немесе байкот жариялауға үндеу тастады.

Қазақ тілі бойынша міндетті сынақ тапсыруды қолдануда критерийлер анық болмады және үміткерлерді қолдайтын қолтаңбаларды тексеруде ашықтық талабы сақталмаған.

Сайлау туралы заңға жақында, 2009 жылы және 2011 жылдың ақпанында түзетулер енгізілді. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ алдыңғы көптеген кеңестері жауапсыз қалып отыр және құқықтық базада маңызды кемшіліктердің болуы жалғасуда.

Сайлауды Орталық Сайлау Комиссиясы (ОСК), 16 Территориялық (облыстық) Сайлау Комиссиялары (ТСК), 207 Аудандық және Қалалық Сайлау Комиссиялары (АСК) және шамамен 9,725 Учаскелік Сайлау Комиссиялары (УСК) басқарады. ОСК осы сайлауға белсенді түрде дайындық өткізуде  және өзіне тікелей бағынышты сайлау комисссияларына нұсқаулар беруде. Сайлау комиссияларында саяси партиялардың өкілдері болуына, сонымен бірге көп жағдайларда комиссия мүшелерінің көпшілігі бір ұйымнан алынуына қатысты алаңдаушылық өсті.

Тіркелген сайлаушылар саны шамамен 9.1 миллионды құрайды. Сайлаушылар өздерінің тіркелгендігі туралы мәліметтерін сайлаушылар тізімінен, сонымен бірге  электрондық почта арқылы тексере алады.

Ресми сайлауалды үгіт жүргізу 3 наурызда басталды. Өзі сайлауалды үгітке қатыспай отырған қызметтегі Президенттің атынан сайлауалды үгіт жүргізілуін айтпағанда, осы уақытқа дейін сайлауалды үгіт жұмыстары өте ұстамды түрде жүргізілуде. Шабуыл жасау оқиғасын қоспағанда, рұқсат берілген байкот жариялауға шақырған митингтер тыныш өтті.

Өз қызметіне өзі цензура жүргізуге әкелетін құқықтық ережелерге байланысты, бұқаралық ақпарат құралдары мүмкіндіктері шектелген жағдайда жұмыс істеуде. Сайлау туралы заң кандидаттарға мемлекет есебінен бөлінетін және төленетін эфир уақыты және баспасөз бетінен орын беру арқылы тікелей хабарлама жасауды қамтамасыз етеді, алайда бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде жаңалықтар мен ақпараттық бағдарламаларда, сайлау туралы ақпарат хабарлауын тиісті түрде реттемейді.

ОСК және соттар оларға түскен бірнеше шағымдарды қабылдамады немесе қарастырудан бас тартты. Соттардың шағымдарды қарастыруы осы уақытқа дейін ашықтық талабына сай емес болып келді. Шағымдарды қарастыру үшін ОСК тағайындаған жұмыс тобы үш шағымды заң бойынша талап етілетін ОСК шешімінсіз қабылдаудан бас тартты.

1 наурызда ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Астанада Сайлауды бақылау миссиясын ашты, оның құрамына 16 негізгі топ мүшесі және елдегі 14 облысқа жолданған 28 ұзақ мерзімді бақылаушылар кіреді.

II. кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, 2011 жылдың 4 ақпанында мерзімінен бұрын президенттік сайлауды  3 сәуірде өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің шақыруын алғаннан кейін, ЕҚЫҰ Демократиялық Институттар және Адам Құқықтары бойынша Бюросы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) 1 наурызда Сайлауды бақылау миссиясын (СБМ) құрды. Елші Даан Эвертс басқаратын ЕҚЫК/ДИАҚБ СБМ Астана және Алматы қалаларында орналасқан 16 негізгі топ мүшесінен және 5 наурызда  елдегі 14 облысқа жолданған 28 ұзақ мерзімді бақылаушылардан тұрады. ЕҚЫК/ДИАҚБ СБМ мүшелері 27 ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттерден келген. Мүше мемлекеттерге дауыс беруге, дауыстарды санауға бақылау жасау үшін 400 қысқа мерзімді бақылаушыларды жіберу туралы өтініш жасалды.

III. Алғышарттар

Мерзімінен бұрын президенттік сайлау қызметтегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мерзімін 2020 жылға дейін ұзартуға бағытталған және Парламент қолдаған референдум өткізу туралы азаматтардың бастамасы көтерілгендіктен өткізілетін болып отыр. Хабарланған мәліметтер бойынша 2010 жылдың 26 желтоқсаны -  2011 жылдың 14 қаңтары аралығында референдумды қолдайтын азаматтардың бес миллионнан астам қолтаңбалары жиналған. 7 қаңтарда Президент Парламенттің референдум өткізу туралы ұсынысын қабылдаудан бас тартты, бірақ 14 қаңтарда Парламенттің палаталарының екеуі де Конституцияға түзету енгізу туралы алғашқы Президенттің лауазымдағы мерзімін ұзарту туралы референдумды өткізуге негіз болатын заң қабылдады. Президент осы түзетулердің Конституцияға сәйкес болу-болмауы туралы алаңдаушылық танытып, оларды Конституциялық Кеңеске жолдады. 31 қаңтарда Конституциялық Кеңес, заңда Президенттің өкілеттігінің ұзартылу мерзімі анық белгіленбегендіктен, заң Конституцияға сәйкес емес деген қаулы қабылдады. Осы қаулы қабылданғаннан кейін Президент мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсыныс жасады. 3 қаңтарда Парламент Конституцияға Президентке мерзімінен бұрын сайлаудың күнін белгілеуге мүмкіндік беретін түзетулер енгізді және келесі күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев сайлау күнін 3 сәуірге белгіледі.

2005 жылы 4 желтоқсанда өткізілген соңғы президенттік сайлауда қызметтегі Президент 91.15 пайыз дауыс жинап жеңген болатын, дауыс берушілердің қатысуы 76.78 пайызды құрады. ЕҚЫК/ДИАҚБ осы сайлау туралы өзінің қорытынды есебінде «Сайлауалды кезеңде осы сайлауды өткізу жұмыстарын басқарудың аздап жақсартылуына  қарамастан, сайлау демократиялық сайлау өткізуге қойылатын бірқатар ЕҚЫҰ міндеттемелері және басқа халықаралық талаптарға сай болмады» деген қорытынды шығарды.

IV. ҚҰқықтық база және сайлау жүйесі

Сайлау бойынша құқықтық базаға Конституция, Сайлау туралы конституциялық заң (Сайлау туралы заң), ОСК шешімдері және қаулылары кіреді. Басқа сайлауға қатысты заңдарға, басқалармен қатар, Саяси партиялар туралы заң, Қылмыстық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кодекс, Азаматтық процессуалдық кодекс және Бейбіт жиналыстар туралы заң жатады. Конституциядемократиялық сайлауды өткізуге қажетті негізгі  азаматтық және саяси құқықтардың сақталуына кепілдік береді.

2011 жылғы ақпанда Конституцияға және Сайлау туралы заңға Президентке мерзімінен бұрын сайлауды қысқа уақыт ішінде және ешқандай тыңғылықты қоғамдық талқылау өткізбестен ұйымдастыруға мүмкіндік беретін түзетулер енгізілді. Сайлау осы түзетулер қабылданғаннан соң тек екі ай ғана өткеннен кейін өткізілмек.[1]Сайлау туралы заңға жақында, 2009 жылдың ақпанында енгізілген президенттік сайлауға қатысты басқа түзетулер, негізінен, болмашы болды.

Құқықтық базаны жақсартуға бағытталған ЕҚЫК/ДИАҚБ бірқатар алдыңғы кеңестері  жауапсыз қалып отыр. Маңызды кемшіліктерге кандидаттардың сайлану құқығына шектен тыс шектеулер қойылуы, кандидаттардың қазақ тілін білу деңгейін анықтауға байланысты объективті критерийлердің болмауы, сайлау комиссияларына толық және плюралистік түрде өкілдіктің кепілдіктерінің болмауы, сайлауалды үгіт жүргізуге тең мүмкіндіктер болуына кепілдіктер жеткіліксіз болуы, митингтер өткізу бостандығына негізсіз шектеулер қойылуы, сөз бостандығына шектен тыс шектеулер қойылуы, соның ішінде диффамация  мен жәбірлеудің қылмыстандырылуы, анықтықтың болмауы, сайлауды өткізу кезінде пайда болатын дау-дамайларды шешуде тиісті түрде қарастыру кепілдіктерінің болмауы.

Президент екі айналымдық мажоритарлық сайлауда бес жылдық мерзімге сайланады. Бірінші айналымда кандитаттардың ешқайсысына 50 пайыздан жоғары дауыс берілмесе,  екі айдың ішінде сайлаудың екінші айналымы өткізіледі. Сайланған тұлға екі кезекті мерзімнен аса Президент лауазымында қызмет ете алмайды, алғашқы Президенттің қызмет ете алатын мерзімдерінің саны шектеусіз.

V. сайлауды басқару

Сайлауды төрт деңгейлі сайлау комиссияларының жүйесі басқарады, бұл жүйеге ОСК, 16 ТСК,[2] 207 АСК және 9,725 УСК жатады. Сайлау комиссияларының әрқайсысы жеті мүшеден тұрады және бес жылға тағайындалады, ТСК, АСК және УСК тек сайлау кезеңдері кезінде жұмыс істейді. ОСК Төрағасы және екі мүшесі Президентпен тағайындалады, ал Сенат және Мәжіліс (Парламенттің төменгі палатасы) әрқайсысы екі ОСК мүшесін тағайындайды. ТСК, АСК және УСК мүшелерін саяси партиялар ұсыныстары негізінде тиісті Мәслихаттар (Муниципалдық кеңестер) тағайындайды.  Егер партиялар ұсыныстарын заңды мерзім ішінде жасамаса, Мәслихаттар қоғамдық бірлестіктерден немесе жоғарғы деңгейлі сайлау комиссияларынан ұсынылған тұлғаларды тағайындайды. Бірқатар партиялар ЕҚЫК/ДИАҚБ СБМ-на сайлау комиссияларында өздерінің өкілдерінің аздығы туралы алаңдаушылықтарын  білдірді. Сайлау комиссиясында өкілдері жоқ әрбір кандидат, сонымен бірге партиялар дауыс беру құқығы жоқ мүшені сәйкес комиссияға сайлау мерзімі ішінде жолдай алады.

Заң бойынша сайлау комиссиясына бір ұйымнан алынған тұлғаларды енгізуге болмайды. ОСК осы ережені тек жеті мүшенің барлығының бір ұйымнан болуына тыйым салу ретінде түсіндіреді. ЕҚЫК/ДИАҚБ СБМ сайлау комиссияларының шешім қабылдайтын маңызды мүшелерінің көпшілігі бір ұйымнан болуы орын алған бірқатар оқиғаларды байқады.

ОСК сайлауға белсенді түрде дайындық жүргізуде, жалпы қауымға ашық және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және бақылаушылар қатысатын уақытылы отырыстар ұйымдастырады, апта сайын баспасөз мәслихаттарын өткізеді және ақпараттық вебсайтты жүргізеді. ОСК тікелей бағынышты комиссиялардың дайындықтарын өткізді және ТСК, АСК және УСК мүшелеріне нұсқаулықтар мен анықтамалықтар берді. Сонымен бірге ОСК сайлаушыларды сайлау туралы хабардар етуге бағытталған кең көлемді шараларды өткізуде.

VI. сайлаушыларды тіркеу

Әкімдіктер (Жергілікті атқарушы органдар) тұрғындарды есепке алуға жауап беретін органдардан түскен мәліметтер негізінде сайлаушылардың тізімдерін жинақтауға және олардың дәлдігіне жауапты. Әкімдіктер жылында екі рет 1 қаңтарға және 1 шілдеге қарай сәйкес ТСК-на электрондық немесе  жазбаша түрде  тіркелген сайлаушылар туралы мәліметтерді тапсырады. 2011 жылдың 1 қаңтарында шамамен 9 101 000 дауыс құқығы бар сайлаушылар тіркелген.   ОСК сайлаушы азаматтардың бірыңғай электрондық Тіркеу тізілімін жүргізеді, оны қосарланған тіркеу жазбаларын анықтауға қолданады. Қосарланған тіркеу туралы ақпарат және басқа қателер әкімдіктерге жіберіледі. Әкімдіктер оларды мәліметтерді тексеру және жөндеу үшін қолданады. Сайлаушылардың тізімдерінің дәлдігін өсіру үшін қосымша әрекеттер жасалуда, ОСК бастамасымен сайлаушылар өз тіркеу мәліметтерін электрондық почта арқылы тексере алатын болды. Сайлау күні тұрғылықты мекенжайларынан алыста болатын сайлаушылар сырттай дауыс беру куәлігін алуға өтініш бере алады.

VII. кандидатты ұсыну және тіркеу

Кандидат өзін өзі  ұсынуына болады немесе оны қоғамдық бірлестік, сонымен бірге саяси партия ұсына алады. Егер ұсынылған үміткер Қазақстанда туып өскен, ең кемінде 40 жастағы, қазақ тілін толық меңгерген және Қазақстанда соңғы 15 жыл ішінде ресми түрде тұрған қазақстандық азамат болса,  ұсынысты  ОСК бекітеді. 16 күндік ұсыну кезеңінен соң ұсынылған кандидаттар тіркелу үшін 10 күн ішінде қолдаушы азаматтардың, ең кемінде, 91 010 заңды күші бар қолтаңбаларын тапсыруға, шамамен 4000 Евроны құрайтын сайлау жарнасын төлеуге және өздерінің және жұбайларының салық мәлімдемелерін тапсыруға  тиіс болды.

2 наурызға дейінгі заңды мерзімнің соңына дейін  ОСК төрт кандидатты тіркеді. Бастапқы ұсынылған 22 үміткерлердің ішінен 5-і қазақ тілі бойынша сынақтан өтпеді және 4-і оған қатыстырылмады, ал тағы 5 үміткер тіркеу мерзімі соңына дейін сайлауға қатысудан бас тартты. 2 наурызда ОСК төрт үміткерді тіркеуден бас тартты, себебі олар  қолдаушы азаматтардың заңды күші бар қолтаңбаларының жеткілікті санын, салық туралы мәлімдемелерін тапсырмаған және/немесе сайлау жарнасын төлемеген.

Кандидаттарды тіркеу бойынша құқықтық ережелерді айқындау туралы берілген алдыңғы ЕҚЫК/ДИАҚБ кеңестері жауапсыз қалып отыр. Сонымен қатар сенімді тұлғаларды тіркеу механизмдерінің анық еместігі қолтаңбаларды жинастыру мерзімін іс жүзінде қысқартты.  Мысалы, кейбір ТСК үміткерлерден өз сенімді тұлғаларын тіркеу үшін нотариалды түрде расталған өтініштер тапсыруын талап етті, ал басқалары әдеттегідей жазылған өтініштерді қабылдады.

Қолтаңбаларды тексеру ережелерінің анық еместігі  оларды орындаудың әркелкі болуына әкеліп соқты. ТСК тексеру протоколдарында қолтаңбаларды заңсыз деп тану себептері көрсетілмеген және кандидаттар немесе олардың сенімді тұлғалары көп жағдайда тексеру рәсімдеріне қатысуға шақырылған жоқ. Бір үміткер ЕҚЫК/ДИАҚБ СБМ-ға бір ТСК-ның қолтаңбалар қойылған тізімді техникалық қателер[3]болуына байланысты қабылдаудан бас тартқандығы туралы хабарлады.

Қазақ тілі сынағы кейбір кандидаттар үшін сайлауға қатысуға кедергі болды. ЕҚЫК/ДИАҚБ алдыңғы кеңестеріне қарамастан, сынақты өткізу үшін ешқандай анық критерийлер белгіленбеген және ОСК-мен тағайындалған Лингвистикалық комиссия өз қорытындыларын қандай негізде шығарғаны жартылай түсініксіз болып қалып отыр.[4]

VIII.  сайлауға қатысушылар және сайлауалды үгіт жағдайлары

Алдағы президенттік сайлауға төрт кандидат қатысады: Нұрсұлтан Назарбаев, қызметтегі Президент және билеуші Нұр Отан партиясының көшбасшысы, Ғани Қасымов, Сенат депутаты және Қазақстан патриоттары партиясының көшбасшысы, Жамбыл Ахметбеков, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясынан және Мэлс Елеусізов, Қазақстанның «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы.

Бірнеше оппозициялық партиялар және олардың басшылары,  талапқа сай сайлау өткізуге мүмкіндіктердің жоқтығын және сайлау туралы мәлімдеменің қауырт болғандығы және  мерзімнің қысқалығы сайлауалды үгіт мүмкіндіктерінің теңсіздігіне әкелгендігін алға тартып,  сайлауға қатыспайтындығын жариялады. «Азат», «Ақ жол», және «Руханият» сияқты партиялар сайлауға қатыспау туралы шешім қабылдады, алайда  байкот жариялаудан да тартынды. «Народовластие» (Халық билігі) блогына біріккен Коммунистік партия және тіркелмеген «Алға» партиясы, азаматтық қоғамдармен бірге сайлаудың заңдылығына күмән келтіруде және сайлауға байкот жариялауға шақыруда. Олар Интернетті және, соның ішінде, қоғамдық тораптарды өз ойларын халыққа жеткізудің және наразылық митингтерін ұйымдастырудың құралы ретінде қолданып отыр.

Қызметтегі Президент сайлауалды үгітке жеке өзі қатыспау туралы ниетін жария етті, бұның себебі ретінде өзінің 28 қаңтардағы Халыққа жолдауында оның сайлауалды бағдарламасы баяндалғандығын көрсетті. Ол өзінің үгіт жүргізу міндетін Нұр Отан партиясына жүктеді. Осы уақытқа дейін тек қызметтегі Президент үміткерге байланысты үгіт шаралары ғана көзге айқын түсіп отыр. Президенттің бейнесі көрсетілген бильбордтарды ілу арқылы азаматтарды сайлауға шақырудың әрекеттері жасалуда және танымал әншілер Президентті қолдап сахнада өнер көрсетуде. Басқа кандидаттардың сайлауалды үгіт жүргізуі, олардың өз шараларын өткізуді бастағанына және бильбордтар мен плакаттар ілгеніне қарамастан, көзге азырақ түседі.

11 наурызда Павлодардағы сайлауға байкот жариялауға бағытталған митингтерге қатысушыларға екі рет белгісіз тұлғалар шабуыл жасады. Полиция осы оқиғаны тергеу жұмыстарын жүргізуде. 13 наурызда «Алға» және Коммунистік партия жергілікті басқару органдарының рұқсатымен сайлауға байкот жариялауға бағытталған митингтер өткізді: Шымкентте шамамен 80 адам, Өскеменде 60 адам, Павлодарда 50 адам және Алматыда 400-ден астам адам қатысты, бұл митингтер тыныш өтті. Талдықорған және Қарағанды қалаларында сайлауға байкот жариялауға бағытталған митингтерді өткізуге жергілікті басқару органдары рұқсат бермеген.

Барлық кандидаттар өздерінің сайлауалды үгіт шараларын қаржыландыру үшін жалпы сомасы шамамен 1.6 милллион Евроны  құрайтын өз қаржыларын және азаматтардан және ұйымдардан садақа ретінде түскен қаржыны қолдана алады.  Партиялар мен басқа қоғамдық бірлестіктерден ұсынылған кандидаттар сонымен бірге ұсынушы ұйымнан 560 000 Евроға жуық қаржы алады, бұл жағдай өзін өзі ұсынатын кандидаттарды басқалармен салыстырғанда тиімсіз жағдайға қояды. Сонымен бірге барлық кандидаттар сайлауалды үгіт жүргізуге мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржыны (шамамен  31 500 евро) алады.

IX. Бұқаралық ақпарат құралдары

Конституция цензураға тыйым салады, сонымен бірге сөз бостандығына және еркін түрде заңмен тыйым салынбаған кез келген құралдардың көмегімен ақпарат қабылдау және тарату құқығына кепілдік береді.               Алайда, диффамация және жәбірлеу әлі де қатаң жазаланатын қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Қылмыстық кодекс Президентті және мемлекеттік қызметкерлерді арнайы қорғау шараларын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, Азаматтық кодексте диффамацияның жазасы ретінде аса жоғары айыппұл қарастырылған. Осы ережелер көп жағдайларда билік басындағыларды сынға алған журналисттерге және редакторларға қарсы қолданылып жүр және БАҚ-ның өз қызметтеріне өздері цензура жасауға әкеледі. Осыған қоса, Қазақстан ақпарат туралы заң қабылданбаған біршене ЕҚЫҰ-на қатысушы мемлекеттер қатарына кіреді. Интернетті баламалы ақпарат көзі ретінде қолданатын адамдар саны өсуде, алайда көп жағдайда Қазақстан аумағында кейбір сайттарға кіруге мүмкіндік жоқ  және Интернет телерадиохабарларды тарату және баспасөз құралдары туралы заңнамамен шектелген.[5]

Сайлау туралы заңның 28-бабы кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына  тең түрде шығу мүмкіндігін беретін сайлауалды үгіт шараларын жүргізу құқығына кепілдік береді. Заң кандидаттар сатып алатын жарнамаға төленетін соманы шектемейді, ол тек сайлауалды үгіт шараларына бөлінетін жалпы қаржы көлемімен шектеледі. Кандидаттардың әрқайсысына мемлекеттік бюджеттен баспасөз бетінен орын және теледидар мен радиодан эфир уақытын сатып алуға қаржы беріледі. Тікелей шығу бағдарламаларымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда жаңалықтар мен ақпараттық бағдарламаларда, сайлауалды үгіт шараларының баяндалуы Сайлау туралы заңмен тиісті түрде реттелмей отыр. Заңның 27.7-бабы бұқаралық ақпарат құралдарын кандидаттардың және саяси партиялардың сайлауалды үгіт шараларын тек «бейтарап» хабарлауды қамтамасыз етуге міндеттейді.

ОСК және Ақпарат және Байланыс Министрлігі мәліметтері бойынша мемлекеттік және жеке БАҚ кандидаттар туралы жаңалықтарда бірдей ұзақтықпен және бірдей сарынмен хабарлауға міндетті.  Сайлауалды үгіт туралы жаңалықтан тыс бағдарламаларда хабарлау сайлауалды үгіт шарасы немесе саяси жарнама деп саналуы тиіс және ақысы кандидаттың сайлауалды қаржысынан төленуі тиіс.  Кандидаттар туралы олардың инстуционалдық рөлінде хабарлау сайлауалды үгіт немесе саяси жарнама деп саналмайды.[6]

ОСК БАҚ-на қатысты сайлауалды үгіт ережелерін жүзеге асыруды қадағалау үшін «БАҚ-на қатысты дау-дамайларды шешу бойынша Қоғамдық кеңесті» тағайындады. 14 наурызға дейін осы орган ешқандай ереже бұзушылық тіркеген жоқ немесе оған ешқандай шағым түскен жоқ. Тәуелсіз реттеуші органның жоқтығы жағдайында Ақпарат және Байланыс Министрлігі 3 наурызда өз БАҚ-ын бақылауын бастады.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМ БАҚ-дағы Сайлауалды үгіт шараларын жүргізілуіне және хабарлануына қол жеткізу үшін 3 наурызда қазақ және орыс тілдеріндегі алты теледидар станцияларына және алты газетке сандық және сапалық бақылау жүргізуді бастады.[7]

X.  шағымдар және апелляция

Сайлау туралы заңда шағымдар мен апелляцияларды қарастырудың жауапкершіліктің жалғыз иерархиялық құрылымы бар анық көрсетілген процесі белгіленбеген. Сайлау комиссияларының шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы шағымдарды жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе аудандық сотқа (жоғарғы деңгейлі соттарға апелляция жасау мүмкіндігімен) немесе осылардың екеуіне де[8]жазуға болады, бұған екі нақты жағдай жатпайды.[9]Сайлау туралы заңды бұзылуын баяндайтын кез келген басқа шағымдарды сайлау комиссияларына, аудандық соттарға немесе прокуратура кеңсесіне[10] тапсыруға болады. ОСК сайлау туралы шағымдарды «жеке іс» ретінде қарастырады, сондықтан шағымдардың көшірмелерін және ОСК жауаптары мен шешімдерін ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМ-на бермейді.[11]Жоғарғы сот соттардың шешімдеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді, бірақ шағымдарды көруге мүмкіндік бермейді.

1 наурызда ОСК өз мүшелерінен және қызметкерлерінен, сонымен бірге түрлі заң органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құрды. Талаптарға сәйкес, жұмыс тобы ОСК-н «жиі қабылданған шағымдар» бойынша кеңестермен қамтамасыз етуі тиіс, алайда оның жекелеген шағымдар бойынша шешім қабылдау  өкілеттігі жоқ. Осыған қарамастан, осы топты басқаратын ОСК төрағасы орынбасарының мәлімдеуі бойынша іс жүзінде осы топ негізсіз деп тапқан шағымдарды қабылдаудан бас тартатын болады және ОСК-на тек заң бұзушылық орын алды деп санауға негіз бар шағымдарды ғана жолдайды.

14 наурызда ОСК  жұмыс тобына үш шағым түсті, олардың барлығын қабылдаудан бас тартты, алайда, заңға сәйкес, ОСК-ның орган ретінде шешімі шығарылған жоқ және ашықтық талабысыз. Осы жағдайларда шағым берушілерге шағымды қарастырудың толық және орынды іс жүзіндегі құқықтық  негізі келтірілмеді.

Алматы қаласындағы аудандық соттарға Үкіметтік емес ұйымдардан Алматы қаласының Мәслихаты тағайындаған және соңынан өзгерткен 18 УСК-ның құрамының заңсыздығын баяндаған жеті шағым келіп түскен. Соттар осы шағымдарды қарастырудан бас тартты, олардың ең кемінде бесеуі аталған Мәслихат шешімдеріне қарсы шағым беру мерзімінің аяқталғандығын мәлімдеді.[12]

Жоғарғы сотқа сайлауға қатысты төрт шағым келіп түскен, сот олардың үшеуін қарастырудан бас тартты және біреуі қабылданбай қайтарылды. Соңғы шағым бойынша, шағым беруші ОСК оның қазақ тілін толық меңгермегендігіне байланысты кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан шешіміне шағымданды. ОСК үміткерге қазақ тілі бойынша сынақ қорытындыларын беруден бас тартып, осылайша оның апелляция беру құқығын шектеген. Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған анық құқықтық нормалар болмағандықтан, сот ОСК шешімінің заңды күші бар-жоқтығын анықтаудың анық құқықтық негізін келтіре алмады.[13]Сонымен бірге сот, ОСК лингвистикалық комиссиясы шағым берушіден кандидаттың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін 2005 жылы қабылданған ОСК қаулысымен белгіленген сынақтар өткізудің рәсімдеріне қосымша сынақ өтуін талап еткенде, орынсыз әрекет жасаған жоқ деген шешім шығарды.[14]

Жоғарғы сот, ОСК сайлау туралы заңды бұзушылықтарды анықтаудың және кандидаттарды қайта тіркеудің айрықша құқығына соттарға қатыссыз жалғыз ие болуы себебін алға тартып,  бір шағымды қарастырудан бас тартты.[15]Алайда, Сайлау туралы заңның 49-бабының 1-абзацында «Соттар... азаматтардың... дауыс беруді өткізуге қатысты, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың бұзылуы жөніндегі сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңінде келіп түскен арыздарын қабылдауға міндетті» деп көрсетілген. ОСК-ның кандидатты тіркеуден заңды мерзім ішінде бас тартуын баяндаған тағы бір шағым бойынша, Жоғарғы сот шағымды процессуалдық себептер келтіріп қабылдамай қайтарды.[16]

XI.  әйелдердің және ұлттық азшылық өкілдерінің қатысуы

Конституция және Сайлау туралы заң әйелдер мен ерлердің сайлау процесіне тең түрде қатысуына негіз береді. Осы сайлауға ешқандай әйел кандидат қатыспайтын болды, ұсыныс білдірген 22 кандидаттың төртеуі әйел адамдар болған. Әйел қауымының өкілдері сайлауды басқаруға қатысады: ОСК 7 мүшесінің 2-і, 16 ТСК төрағаларының 3-і және  of 207 АСК-ның 44-і ­­- әйел адамдар.

2009 жылғы  Халық санағы[17]бойынша халықтың 63.1 пайызының ұлты қазақ. Ең қомақты ұлттық азшылықты құрайтын орыстар халықтың 23.7 пайызын құрайды. Басқа ұлттық азшылықтарға өзбектер (2.9 пайыз), украиндер (2.1 пайыз), ұйғырлар (1.4 пайыз), татарлар (1.3 пайыз), немістер (1.1 пайыз), корейлер, белорустар және поляктар жатады. Конституцияға сәйкес орыс тілін ресми тіл ретінде қазақ тілімен тең дәрежеде мемлекеттік ұйымдардажәне жергілікті өзіндік басқару органдарында қолдануға болады.

XII. Жергілікті бақылаушылар

Жергілікті бақылаушыларды саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер және бейкоммерциялық бірлестіктер ұсына алады. Жергілікті бақылаушылар ресми түрде аккредитация өтуі міндетті емес, бірақ бақылау жүргізілетін сайлау комиссиясына ұсынушы ұйымның ресми хатын және жеке куәліктерін  тапсыруы тиіс. Осыған қоса, кандидаттар бақылаушылармен бірдей құқықтарға және міндеттерге ие болатын өз сенімді тұлғаларын тағайындай алады, алайда олардан ресми аккредитация рәсімдерінен өту талап етіледі. Бірнеше саяси партиялар және жергілікті Үкіметтік емес ұйымдар сайлауға бақылау жасауға өз ниеттерін білдірді және кейбірі бақылаушы болуға өтініш білдірді.

XIII.   ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМқызметі

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМашылғандығы туралы Астана қаласында 1 наурыздағы баспасөз мәслихатында  ресми түрде жарияланды. Миссияның басшысы осы уақытқа дейін ОСК Төрағасымен, Мемлекеттік Хатшы және Сыртқы Істер Министрімен, Сыртқы Істер Министрі Орынбасарымен, Жоғарғы Сот және Конституциялық Кеңес Төрағаларымен, төрт президенттікке кандидаттың үшеуімен, саяси партиялардың басшыларымен, ЕҚЫҰ-на қатысушы елдердің елшілерімен, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының басшысымен және тағы басқа халықаралық ұйымдардың ұйымдардың өкілдерімен кездесті.  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМ ОСК-мен, сайлау процесіне қатысты мемлекеттік ұйымдармен, саяси партияларымен, азаматтық қоғамдар және бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас орнатты. 11 наурызда дипломатиялық қауым өкілдеріне арналған алғашқы баспасөз мәслихаты өтті.

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы (ЕҚЫҰ ПА) және Европа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕК ПА) сайлау күнгі бақылауды жүргізу үшін бақылаушы делегацияларды жолдайды. ЕҚЫҰ лауазымдағы төрағасы Тонино Пицула мырзаны осы сайлауға арналған ЕҚЫҰ қысқа мерзімді бақылау миссиясын басқаратын Арнайы координатор ретінде тағайындады.


[1] Сайлау туралы заңның негізгі бөліктеріне сайлауға дейін бір жылдан кем уақыт қалғанда өзгерту енгізуге тыйым салынуы жақсы халықаралық тәжірибе болып табылады.

[2] 14 облыстың әрқайсысына ­- бір, Астана қаласына бір және Алматы қаласына - бір.

[3] Шығыс Қазақстан ТСК Мұсағали Дуамбековты қолдаған қолтаңбалар қойылған тізімді қабылдамаған, себебі кейбір сайлаушылардың аты-жөндері толық емес немесе қателері жөнделген  немесе кейбір мәліметтер басқа түсті сиямен жазылған.

[4] Мысалы Уәлихан Қайсаров, өзін өзі ұсынған кандидат және Азат партиясының мүшесі, сынақты 2005 жылы тапсырып өткеніне және Сенатта қазақша сөз сөйлегендігі белгілі екендігіне қарамастан, сынақты тапсыра алмады.

[5] 2009 жылдың шілдесінде Қазақстанда Интернетті қолдану ережелері туралы заң қабылданды. Бұл заң форумдарды, блогтарды, чаттарды және тағы басқа интернет ақпарат көздерін дәстүрлі БАҚ-мен теңестіреді.

[6] 10 наурызда Ақпарат және Байланыс Министрлігінде өткен «семинарда» ұсынылған Сайлауалды үтіт шараларын хабарлау бойынша осы нұсқаулықтар жазбаша түрде берілмеген.

[7] Бақылау жүргізіліп отырған теледидар станциялары: Қазақстан ТВ, Хабар ТВ, КТК, 7 арна, Астана ТВ және 31 арна. Сонымен бірге ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМ келесі газеттерге бақылау жасауда: Время, Казахстанская правда, Панорама, Свобода слова, Жас Алаш және Республика.

[8] Жоғарғы сайлау комиссиясы және соттың екеуіне де апелляция берілгенде сайлау комиссиясы қарастыруды сот шешімі шығарылғанша кідіртуі тиіс.

[9] ОСК-ның кандидатты тіркеуі немесе қайта тіркеуі және ОСК-ның сайланған Президентті жеңімпаз ретінде мәлімдеуден бас тартуы немесе мәлімдемеуі туралы шешімдеріне қатысты шағымдар тікелей Жоғарғы сотқа беріледі.

[10] Мемлекеттік прокурорлар сайлау процесінің заңдылығын қадағалауға жауапты.

[11] ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМ  ОСК жұмыс тобының шешімдеріне ОСК ғимаратында шолу жасауға мүмкіндік алды.

[12] Соттар қолданыстағы жергілікті мемлекеттік органдардың шешімдеріне қарсы шағым беру туралы Азаматтық Процессуалдық кодекстегі үш айлық мерзімнің орнына сайлау туралы заңдағы сайлау комиссиясының шешімдеріне немесе іс-әрекеттеріне (іс-әрекет жасамауына) қарсы шағымдарды беруге белгіленген он күндік мерзімді келтірді.

[13] Сот тағайындаған эксперт анағұрлым азырақ сынақ қателерін анықтады (17), ОСК лингвистикалық комиссиясы тапқан қателер саны - 28. Сот шешімінде қазақ тілін меңгеруге талаптар «Соңғы жылдарда қабылданған құқықтық актілерде көрсетілгендей қазір уақытта күшейтілген» деп баяндалды, алайда нақты құқықтық актілерге сілтеме жасалмады.

[14] Сот шешім қабылдағаннан соң ОСК-на 2011ж. 19 ақпандағы қаулысына қосымша сынақ тапсыруға рұқсат берілетіндігін айқындау үшін түзету енгізуге кеңес беріп хат жолдады.

[15] Шағымда қызметтегі Президенттің сайлауға қатысты қызмет бабын теріс пайдаланғаны мәлімделген және оны тіркеуден шығаруға өтініш жасалған. Осыдан бұрын ОСК осы шағым берушінің шағымын қабылдаудан бас тартқан болатын.

[16] Сот шешімі бойынша, шағым беруші апелляцияның  түпнұсқасын емес, көшірмесін тапсырған.

[17] Қазақстан Республикасы Статистикалық агенттігін қара: http://www.eng.stat.kz/perepis_nasl/Pages/n1_12_11_10.aspx.

 

ЕҚЫҰ Демократиялық Институттар және Адам Құқықтары бойынша  Бюросы

Сайлауды бақылау миссиясы

Қазақстан Республикасы

Мерзімінен бұрын президенттік сайлау 2011ж.

 

Аралық есеп № 1*

1-14 наурыз 2011 жыл

21 наурыз 2011 жыл

www.masa.kz интернет газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394