Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық 8010 3 пікір 18 Қыркүйек, 2018 сағат 10:17

Елбасының аты-жөнін арабтар 17-і түрлі нұсқада жазып жүр

Қазақ елі тәуелсіздік алғалы бері араб әлемімен тікелей қарым-қатынас орнатып, көптеген араб елдерінде елшіліктерін ашып, ғылым, білім, мәдениет, тарих, экономика, т.б. салалардағы байланыстарын дамытып келеді. Қазақ тілді баспа және электронды ақпарат құралдарында араб елдеріне қатысты көптеген еңбектер мен хабарлар, жаңалықтар жазылуда. Сол сияқты, керісінше, араб тіліндегі баспа және электронды ақпарат құралдарында Қазақстанның әртүрлі саладағы жетістіктері туралы көптеген еңбектер мен хабарлар, жаңалықтар жарық көруде. Алайда қазақ тілінде жазылып жатқан еңбектердегі араб ономастикалық атауларының, сондай-ақ араб тіліндегі еңбектердегі қазақ ономастикалық атауларының жазылуы жүйелеуді қажет етеді. Арнайы ереже түзілмегендіктен бір ономастикалық атаудың өзі бірнеше нұсқада беріліп келеді.

Мысалы Сауд Арабиясының алтыншы королінің аты-жөні (عبد الله بن عبد العزيز آل سعود) қазақ тіліндегі еңбектер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 43 нұсқада жазылып жүр:

1 Абдулла ибн Абдул-Азиз әл-Сауд[1] 23 Абдалла бен Әбді Әзіз [2]
2 Абдулла бин Абдул Азиз әс-Сауд[3] 24 Абдуллах бен Абдель Әзиз Әл Сауд[4]
3 Абдулла ибн Абдул-Әзиз әс-Сауд[5] 25 Абдуллах Бин Абдулазиз Әл Сууд[6]
4 Абдулла ибн Абдул Азиз ас-Сауд[7] 26 Абдуллах ибн Абдулазиз[8]
5 Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд[9] 27 Абдуллаһ ибн Абдуль-Азиз Әли Сауд[10]
6 Абдалла бен Әбдел Әзиз Әл Сауд[11] 28 Абдалла бен Әбдіәзіз ас-Сауд[12]
7 Абдалла бен Абдель Әзиз Әл Сауд[13] 29 Абдулла бин Абдульазиз[14]
8 Абдалла бен Абдель Әзиз әл Сауд[15] 30 Абдулла бин Абд әл-Азиз әл Сауд[16]
9 Абдалла бен Абдел Азиз[17] 31 Абдулла бин Абдул Әзиз әл Сауд[18]
10 Абдалла бен Абдель Азиз[19] 32 Абдулла бин Әбд әл-Әзиз[20]
11 Абдулла ибн Абдул-Азиз әл-Сауд[21] 33 Абдулла бин Әбд Әл-Әзиз[22]
12 Абдулла бин Абд әл-Азиз әл Сауд [23] 34 Абдалла бен Әбд-әл-Әзиз[24]
13 Абдалла Бен Абделазиз Аль Сауд[25] 35 Абдалла әл-Сауд[26]
14 Абдалла бен Әбделәзиз[27] 36 Абдулла бен Әбд әл-Әзиз Әл Сауд[28]
15 Абдалла бен Абдель Ази́з Аль Сауд[29] 37 Абдолла бен Абдульазиз[30]
16 Абдалла бен Абдель Азиз аль-Сауд[31] 38 Абдолла бен Абдулазиз[32]
17 Абдалла ибн Абдул-Әзиз әл-Сауд[33] 39 Абдолла ибн Абдел Әзіз[34]
18 Абдалла ибн Абдул-Әзиз Әл Сауд"[35] 40 Абдолла бен Әбдел Әзиз"[36]
19 Абдалла ибн Абдул-Азиз Ал Сауд"[37] 41 Абдолла ибн Әбдіәзіз"[38]
20 Абдулла ибн Әбдел-Әзиз әл-Сауд[39] 42 Абдолла бин Абдул Әзиз ал-Сауд"[40]
21 Абдалла ибн Абдель Азиз әл-Сауд"[41] 43 Абдалла Ибн Сауд"[42]
22 Абдалла Ибн Абдель Азиз"[43]

 

Сол сияқты Біріккен Араб Әмірліктері басшысының аты жөні (خليفة بن زايد آل نهيان) 29 нұсқада, Кувейт әмірінің аты-жөні (صباح الأحمد الجابر المبارك الصباح) 19 нұсқада, Қатар елінің бұрынғы әмірінің аты-жөні (الشيخ حمد بن خليفة آل ثاني) 16 нұсқада, Қатардың қазіргі әмірінің аты-жөні (الشيخ تميم بن حمد آل ثاني) 15 нұсқада, Мысыр Араб Республикасы президентінің аты-жөні (عبد الفتاح السيسي) 18 нұсқада жазылып жүр.

Ал еліміздің атауы «Қазақстан» араб тіліндегі еңбектер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 25 нұсқада жазылып жүр:

1 كازاخستان [44] 14 كزكستان [45]
2 كزاخستان   [46] 15 قازخستان [47]
3 كزخستان   [48] 16 قزخستان [49]
4 كازخستان [50] 17 خازاخستان [51]
5 قازاقستان [52] 18 خازخستان [53]
6 قزاقستان [54] 19 خازاقستان [55]
7 قازقستان [56] 20 خازقستان [57]
8 قزقستان [58] 21 كازاقستان [59]
9 كازاكستان [60] 22 كازقستان [61]
10 كزاكستان [62] 23 كزقستان [63]
11 كازكستان [64] 24 قازاكستان [65]
12 قازاخستان [66] 25 كذهتان [67]
13 قزاخستان [68]

 

Қазақстан президентінің фамилиясы «Назарбаев» 17 нұсқада:

1 نازاربايف [69] 10 نزربايف [70]
2 نزاربايف [71] 11 نزاربييف [72]
3 نازارباييف [73] 12 نزارباييف [74]
4 ناظارباييف [75] 13 نزاربايوف [76]
5 نظرباييف [77] 14 نَذَرْبَاييف [78]
6 نظربايف [79] 15 نذربييف [80]
7 نظربيف [81] 16 نذربيف [82]
8 نازاربيف [83] 17 نذارباييف [84]
9 نازاربييف [85]

 

Сол сияқты елордамыз «Астана» 14 нұсқада, оңтүстік астана «Алматы» 15 нұсқада жазылып жүр.

Міне Қазақ елі тәуелсіздігін алғалы бері ширек ғасырдан асса да араб ономастикалық атаулары мемлекеттік тілде, қазақ ономастикалық атаулары араб тілінде осылай шұбалаңқыланып бірнеше нұсқада жазылып жүр.

Мемлекеттік ономастикалық комиссияның шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасындағы ұлты қазақ азаматтардың аты-жөнін реттеу туралы тұжырымдамада «... қазақ азаматтарының аты-жөндері орыс, ағылшын, т.б. тілдерде жазылғанда қазақ мемлекеттік тілінің әдеби нормаларына сәйкестендіріліп транслитерациялануы (әріптік сәйкестігі сақталып жазылуы) қажет» делінген. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 19-бабында: «Елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың, сондай-ақ басқа да физико-географиялық объектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тілдерде транслитерация ережелеріне сәйкес берілуге тиіс» делінген.

Дамыған елдердің барлығы мемлекеттік тілдеріндегі терминдердің жазылуын біріздендіріп, шетел ономастикалық атауларының транслитерациялануына ереже түзіп қойған. Оған ағылшын, орыс, түрік, т.б. тілдердегі араб ономастикалық атаулары мен әртүрлі саладағы терминдердің бірізді жазылуы куә. Ал Қазақ елінде араб ономастикалық атаулары мемлекеттік тілде шұбалаңқыланып бірнеше нұсқада жазылып жүр. Тіпті, жоғарыда көрсеткеніміздей, бір елдің королінің атын 43 нұсқада жазып жүрміз. Ертең латынға осы 43 нұсқаның қайсысын көшірмекпіз. Дамыған 30 елдің, тіпті 50 елдің қатарына қосылатын елдің мемлекеттік тілі мұндай дәрежеге төмен түспеуі тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек», – демеп пе еді?!

Араб тілі БҰҰ конференцияларының ресми жұмыс тілі саналатын халықаралық 6 тілдің бірі және Ислам Конференциясы Ұйымы, Араб елдері лигасы және Африка Одағы секілді халықаралық ұйымдардың ресми тілі болғандықтан бұл тіл өзге елдерді бүкіл мұсылман жұртына таныстыру мүмкіндігіне ие бірден-бір құрал болып табылады. Сондықтан да дамыған елдер ономастикалық атауларының араб тіліндегі транслитерациялануын әлдеқашан  бір жүйеге салып қойған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біз – ұлы дала перзенттеріміз. Біз тек көшпенділер ғана емеспіз. Дәл осы ұранмен, осы жаңа брендпен біз әлемге жаңа Қазақстанды танытуымыз қажет», – деген болатын. Осы сөздерді айтқан Елбасының аты-жөні Қазақ елін бүкіл ислам әлеміне танытатын араб тілінде 17 нұсқада, осы сөздер айтылған жер Елорданың атауы 14 нұсқада және танылуы тиіс «Қазақстан» 25 нұсқада жазылып жүр.

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асырып, дамыған 30 елдің қатарынан көрінетін Қазақ елінің мемлекеттік тілінде лексикалық қорымызды толықтырып отырған араб онимдерінің жазылуын (кирил және латын әліпбиі негізінде) біріздендіру және қазақ онимдерін араб тіліне транслитерациялану ережелерін түзіп арнайы анықтамалық сөздіктер дайындау өзекті мәселелердің бірі болмақ.

Қыдырбаев Қалдыбай Арыстанбекұлы, PhD, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383