Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2950 0 пікір 25 Наурыз, 2011 сағат 01:26

Қарағанды облысының тұрғыны Астанада 5 кг героинмен қолға түсті - ІІМ

Қазақстан жаңалықтары АА. Қарағанды облысының тұрғыны Астанада 5 кг героинмен қолға түсті, деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің арнайы өкілі Қуанышбек Жұманов.

«Астана қаласы ІІД-нің полиция қызметкерлері арнайы іс-шаралар нәтижесінде Қарағанды облысының 31 жастағы тұрғынын теміржол вокзалының перронында ұстап, одан 5 килограмнан астам героин алды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде», деп айтты Жұманов бейсенбі күнгі брифингте.

Сонымен қатар, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде 500 грамға жуық героинді сатқаны үшін Астана қаласының 54 жастағы жергілікті тұрғыны құрықталды. «Одан әрі жүргізілген іс-шаралардың барысында оның үйінен 1,5 килограмға жуық героин тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталған уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, есірткі сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп аяқтады сөзін Жұманов.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1025
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2574
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 716
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 679