Сенбі, 23 Қараша 2024
3309 0 пікір 19 Қыркүйек, 2018 сағат 09:19

Алматыдағы «Almaty Film Festival» халықаралық кинофестивалінің ашылуы болды

«Қызыл кілемде» жергілікті және әлем елдерінен келген киножұлдыздар өткеннен кейін кинофестивальдің бас режиссері Актана Сатаевтың қызы және актриса Мариям, киноматографияға түк қатысы жоқ Диана Снегина мен байкер Дмитрий Петрухин, 7 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық жауапкершіліктен құтылған Лилия Рах, толықсып кеткен актриса Әсер Сағатовалар да жүріп өтті. Кинофестивальдің салтанатты ашылу рәсімінен кейін ресми тұлғалар сөз сөйлеп, Республика Сарайының қонақтары «Айка» фильмінің әлемдік премьерасын күтіп отырды.

Естеріңізге сала кетейік, режиссер Сергей Дворцеваның осы жұмысындағы басты рөлді қазақстандық актриса Самал Еслямоваға ең жақсы әйер рөлін сомдағаны үшін Канн кинофестивалінің халықаралық атағы берілді. Бұндай марапат алдыңғы кезекте әлем жұлдыздары Симона Синьоре, Софи Лорен, Кэтрин Хепбёрн, Изабель Аджани, Мерил Стрип, Пенелопа Крус, Жюльет Биноштермен бірге Самал Еслямоваға да автоматты түрде берілді. Шымкент қаласындағы режиссер Сергей Дворцвтың айтуынша, Самал Еслямованың Канн кинофестиваліндегі жеңісі – барлық қазақстандық киноматографияның жеңісі. Іс-шараның ең тартымды бөлігі – Самал Еслямованың көрермендерге алғыс сөздері болатын.

Алайда көптен күткен «Айка» фильмінің әлемдік презентациясын көру үшін көрермендер 20 минут күтіп тұруға мәжбүр болды. Кештің жүргізушілері қалыптаспаған жағдайға араласып, бастапқыда көрермендерден өз орындарында қалуын сұрады, содан кейін «техникалық мәселелерге байланысты» он минуттық үзіліс жариялады. Адамдар сыртқа шығуға бет алғанда, дереу фильм көрсетіле бастады, қараңғы жерде аудиторияның өз орнындарында қалуы қажет болды, ал орындарынан қозғалмай, бөлмеден шықпағандарға әрі-бері жүрген адамдар кедергі келтірді. Бос орындарға отыра бастағандардың арасында жанжал басталып кетті.  Сқйтіп, әлем жұлдыздары мен қонақтары қатысып отырған «Almaty Film Festival» халықаралық кинофильмдер фестивалінде «Айка» фильмінің әлемдік премьерасында не себептен техникалық жағдайлардың орын алғаны түсініксіз болып қала берді. Кино көрсетілімінен кейін іс-шараны ұйымдастырушылар ешқандай түсініктеме де бермеді.

Алайда кинофестивальдің ашылуында сөйлеген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша «фильмнің әлемдік премьерасы біз үшін үлкен құрмет» деді. Айтпақшы, қала әкімінің кейбір сөздері көрермендерді таң қалдырды. Бауыржан Байбектің айтуынша, «бабаларымыз көгілдір аспанға сенді» және, Тәңір рухы «фестивальді қолдайды» болды. «Айка» фильмінің әлемдік презентациясы болған оқиғадан кейін Алматы қаласының әкімдігі «біздің елде халықаралық кинематографияны қалыптастыру үшін жағдай жасайды» деген сөздері де басқаша оқылды.

Алматы халықаралық кинофестивалі 19 қыркүйекке дейін созылады. Кинофестивальде халықаралық танымал қазылар алқасы жұмыс істейді, Оның құрамына танымал ресейлік режиссер Сергей Бодров, неміс актрисасы Настасия Кински, американдық кинорежиссер Роберт Минкофф, француздық продюсер Пьер Спанглер және әлемдік киноматография саласның басқа да  беделді медиатұлғалар кіреді. Іс-шара шеңберінде он фильм қатысады, фильм байқауы және конкурстық емес шоу-бағдарламалар да жарияланады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458