Сенбі, 23 Қараша 2024
3943 0 пікір 19 Қыркүйек, 2018 сағат 09:05

ТАСС АҚШ-тың Ресейді "айыптағаны" жөнінде жалған мәлімет таратты

Ресейлік ТАСС агенттігі 17 қыркүйекте АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли Ресейді "Ким Чен Ынның ағасының өліміне қатысы бар" деп айыптады деген жалған мәлімет таратты.

"БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің жиынында Никки Хейли Ким Чен Нам өлтірілгенде Ресей Солтүстік Кореяға биологиялық зат беріп көмектескенін айтты",- деп жазды ТАСС.

Шын мәнінде Хейли мұндай сөздер айтпаған. Ол Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның ағасы Ким Чен Намның солтүстіккореялық арнайы қызмет тарапынан өлтірілгенін еске салған. Оның сөзінше, бұл қылмыста VX- жүйкені салдандырушы улы зат пайдаланылған. Бірақ Ресей жөнінде Хейли "Мәскеу АҚШ-тың Пхеньянның айыбы жөніндегі шешімімен келісті" деген. Бұл жиында Ресейдің Пхеньянға биологиялық зат беруі жөнінде сөз қозғалмаған. АҚШ елшісінің сөздерін видеожазбадан көруге болады.

ТАСС-тың шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратын Ресейдің көптеген басылымдары көшіріп басты. Ал Ресейдің СІМ өкілі Мария Захарова Фейсбук арқылы мәлімдеме жасады. "Кеннедидің (АҚШ-тың 35-і президенті) өлімінің құпиясын да ашуға жақындап қалған сияқтымыз", - деп жазған.

АҚШ бастамасымен шақырылған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Хейли Ресейді Солтүстік Кореяға қарсы халықаралық санкцияны жүйелі түрде бұзып келеді деп айыптаған. Атап айтқанда, Ресей мұнай өнімдерін Пхеньянға жеткізіп келеді деген. Ал БҰҰ-дағы Ресей өкілі Василий Небензя Мәскеудің санкцияны бұзып отырғанын теріске шығарды.

2017 жылдың 13 ақпанында Ким Чен Нам Малайзия әуежайында екі әйел жасаған қастандықтан қаза тапты. Олар уланған орамалды Намның бетіне жапқан. Екеуі қылмыс жасағаннан кейін, Жакарта, Дубай, Мәскеу және Владивосток әуерейсі арқылы Пхеньянға жеткен. Оңтүстік Корея билігі Ресей тараптан екі әйелді ұстауын сұраған. Бірақ Ресей билігі мұны орындаудан бас тартқан. Биыл наурыз айында АҚШ Мемлекеттік департаменті Солтүстік Кореяға қарсы Ким Чен Нам өліміне химиялық қару қолданғаны үшін санкция енгізген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458