Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2976 0 пікір 25 Наурыз, 2011 сағат 12:22

Нұра Матай. Мұсабаев пен Әубәкіровтың мұнысы несі?

Астанадағы Президент мұражайында Гагариннің ғарышқа ұшуына 50 жыл толған көрмені ашып тұрып Тоқтар Әубәкіров пен Талағат Мұсабаев  сөзбен қақтығысып қалды. Әріптес інісінің әлдебір сөзіне қатты кейіп ашуға басқан Тоқтар Әубәкіров  «Мен қазір сенің саусақтарыңды сындырып тастаймын», - деді. Тағы бір сөзінде тұңғыш ғарышкеріміз өзінің ізін ала заңғар көкті шарлап қайтқан  інісі Талғатты «сен Ресейдің шпионысың, жанссызсың», - деп салды. Естеріңізге сала кетейік, Әубәкіров РФ-ның Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алып отырғанына қатысты сыни пікірлер ғана айтып жүр. Талғат Мұсабаев болса Ресей жағына лоялды ұстаным байқатуымен келеді. Ғаршқа ұшуға барлық даярлықтан өткен қазақтың екі жас жігіті Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймахановтың Ресей мамандары тарапынан «жарамсыз» болып табылуына да Тоқтар Әубәкіров ащы пікірлер айтып еліміздегі Қазғарыш агенттігін сынға алғанын ұмыта қоймаған болармыз. Қаңғып кеткен «ҚазСАТ-1»-ге қатысты да Тоқтардың қынжыла ойлар білдіргені жадымызда. Ал, Талғат Мұсабаев өз кезегінде: «ҚазСАТ азды-көпті жұмыс жасады, енді оның құнын Ресейден толық өтеп алу мүмкін емес», - деумен келеді. «Мың күн сынбас бір күні сынар шөлмек» деген - осы. Екі батырдың арасындағы алауыздық ақыры шегіне жетіп тынған сияқты. Екеуі ел көзінше айтпағанды айтып, демегенді десіп қалды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371