Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
4020 76 пікір 19 Қыркүйек, 2018 сағат 10:09

Бес бастама. Қыркүйектегі көрсеткіш бойынша Алматы көш бастап тұр

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған "Бес әлеуметтік бастамасы" аясында қолға алынған "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы Алматыда қалай һәм қай деңгейде орындалуда?

Жуырда ресми ақпарат шықты. "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға, дәлірек айтсақ, баспана үшін қарыз алуға өтініш берген жұрттың қарасы көбейіпті. Республика бойынша аталған бағдарламаға қатысушы алматылықтардың үлесі 43 пайызға жеткен екен.

Бұл ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметі. 2018 жылдың 10 қыркүйегіне дейін бағдарлама аясында баспана алуға ипотекалық несие сұрап республика бойынша 2 555 өтініш берілген.  Олардың ішінде 1 514 өтініш мақұлданып, 18 млрд теңге көлемінде несие берілген.

Бағдарлама іске асырылған кезеңнен бастап "Алматы мен Астана халқы белсенділік танытады" деп болжанған болатын. Қазіргі таңда Алматы қаласында 186 өтініш мақұлданып, 3,5 млрд теңгеге ипотекалық несие берілген. Ал Астана қаласы бойынша 92 баспана қарызы мақұлданып 1,5 млрд теңгеге ипотекалық несие алуға рұқсат берілген.

Бағдарламаның қаржылық операторы "Баспана" ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбековтың айтуынша, "7-20-25" Қазақстан үшін ұтымды.

Айта кетейік, "Баспана" ипотекалық ұйымының негізгі мақсаты "7-20-25 бағдарламасы бойынша әрбір отбасына тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері" бағдарламасында көзделген функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

"Баспана" ипотекалық ұйымы немен айналысады? Ол:

-ипотекалық қарыз береді,

-факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алады,(екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын сатып алады),

-ипотекалық тұрғын үй қарыздарын екінші деңгейдегі банктерге кері қайта береді,

-тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттыру бағдарламаларын (оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды) әзірлеуге, іске асыруға және қаржыландыруға қатысады.

Abai.kz

76 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1129
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2661
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746