Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2989 0 пікір 28 Наурыз, 2011 сағат 03:30

«Қызылжар жылу желілері» ЖШС-і алдағы 5 жылда жылу құбырларының 45 пайызын жаңартпақ

АЛМАТЫ. 28 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қызылжар жылу желілері» ЖШС-і алдағы 5 жылда жылу құбырларының 45 пайызын жаңартпақ.

Бұл жайлы Алматыда «Орталық-Азиялық электрэнергетикалық корпорациясы» (ОАЭК) АҚ мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің  (ЕҚДБ) Екібастұз, Қызылжар, Павлодар қалаларының жылу желілерін жаңарту туралы заем келісіміне қол қою рәсімінде айтылды.

АЛМАТЫ. 28 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қызылжар жылу желілері» ЖШС-і алдағы 5 жылда жылу құбырларының 45 пайызын жаңартпақ.

Бұл жайлы Алматыда «Орталық-Азиялық электрэнергетикалық корпорациясы» (ОАЭК) АҚ мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің  (ЕҚДБ) Екібастұз, Қызылжар, Павлодар қалаларының жылу желілерін жаңарту туралы заем келісіміне қол қою рәсімінде айтылды.

«Жылу құбырларының  бәрі бірдей жаңартылмайды. Алғашқы 5 жылда оның 45 пайызын ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл алдағы уақытта жылу желілеріндегі ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді», - дейді «Қызылжар жылу желілері» ЖШС-нің директоры Андрей Калиничев.

«Орталық-Азиялық электрэнергетикалық корпорациясы»   Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебановтың айтуынша, Еуропалық қайта құру және даму банкінен алынатын 30 мың долларлық кредит еншілес «Павлодар жылу желілері» АҚ мен «Қызылжар жылу желілері» ЖШС кәсіпорындарына беріледі. Ал банк пен Таза технологиялар қоры бірлесіп қаржыландыратын жобаға  10 миллион долларға жуық кредит берілмек. Бұл қаржы желілерді жаңарту инвестициясы мен ақырғы тұтынушылар үшін тарифтердің қолжетімділігі қатынасын оңтайландаруға көмектеседі. ЕҚДБ-нің Муниципиалды және экологиялық инфрақұрылымдар бөлімінің аға банкирі Екатерина Мирошник:«Бұл біздің Таза технологиялар қорымен бірлесіп қаржыландыратын  Қазақстандағы алғашқы жеңілдікті кредиттік жобамыз. Ол ауаға таралатын зиянды заттарды азайтуға өз септігін тигізеді. Өйткені жылу құбырларын  жаңарту арқылы энергетикалық компаниялар жылу желісіндегі  шығынды азайтып көмір тұтынуды айтарлықтай азайтады»,   - деп отыр.

Оның айтуынша, жылу желілерін жаңарту бағытында қазір олармен бірқатар жергілікті атқару органдары жұмыс жүргізуде. Сондықтан алдағы уақытта ЕҚДБ  мұндай жобаларды республиканың  өзге өңірлерінде де жүзеге асыруы мүмкін.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371