Сенбі, 23 Қараша 2024
3425 0 пікір 19 Қыркүйек, 2018 сағат 13:16

Астанада араға 45 жыл салып, Еуразиялық әдеби форум өтпек

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бастамасымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 20-21 қыркүйек аралығында «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форум өтеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Аталған форум Елордасы –Астананың 20 жылдығына арналады.

Бұл шараға Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен  шет ел қаламгерлері қатысады. Дәл осындай ауқымды форум 1973 жылдан бері араға 45 жыл салып Елордамыз Астана қаласында өтпекші.

20 қыркүйек күні сағ.10.00 де Тәуелсіздік Сарайында  форумның салтанатты ашылу рәсімі мен «Заманауи Еуразиялық әдебиет» кітап көрмесі және «Әдебиет және жаһандық мәселелер» мен «Аймақтық әдебиеттердің дамуы» атты екі бөлімнен тұратын пленарлық отырыс болады.

21 қыркүйек күні сағ.10.00 мен 13.00 аралығында «Hilton Garden Inn Astana»  қонақ үйінде 4 секция бойынша: «Жаңа заман поэзиясы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер», «Жаңа заман прозасы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер», «Драматургияның өзекті мәселелері», «Қазіргі заманғы аударма ісінің хал-ахуалы» тақырыптарында басқосулар өтеді.

Әдеби форум аясында Қазақстан Жазушылар одағы мен Иран Жазушылар Қауымдастығы арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Академиялы кітапханасында Қазақстан – Ресей қаламгерлерінің кездесуі өтеді.

Бұл форум биылғы жылдың интеллектуалдық ресурстарды жинақтайтын және халықаралық ынтымақтастық пен мәдени сұхбаттарды дамытуға арналған ең ірі әдеби жоба болмақ.

XXI ғасырдағы жаһандық мәдениеттің күн тәртібіндегі мәселелері сөз болатын форумға Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен шет ел қаламгерлері (Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, Түркия, Латвия, Венгрия, Польша, Молдова, Армения, Украина,  Болгария, Моңғолия, Азербайжан және өзге де мемлекеттер) қатысады.

Әдебиет тынысын зерделеуге арналған форумды өткізу еліміздің әлемдік әдеби кеңістіктегі интеграциясына мол септігін тигізіп, мәдени байланыстың өрістеуіне жол ашпақ.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467