Лилль университетімен екіжақты меморандумға қол қойылады
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Лилль 1 (Франция) университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басшысы Фпансуа Оливье мырзамен екіжақты меморандумға қол қояды деп жоспарланып отыр,деп хабарлады университеттің баспасөз орталығы.
Лилльдік ғылыми-технологиялық университет (Лилль 1) Францияның Норд де Кале ауданындағы мемлекеттік университеттердің алғашқы алтылығы құрамына кіреді.
Лилль 1 - Францияның солтүстігіндегі басты ғылыми орталық. Бұл оқу орны студенттерге мынадай таңдау ауқымы кең мамандықтарды ұсынады: ғылым және техникалық, инженерлік, гуманитарлық және әлеуметтік ғылыми, экономика және басқару. Университетте үлкен ғалымдар шоғыры топтасқан және ғылыми-әдістемелік жұмыспен айналысушыларға теңдессіз мүмкіндіктер бар. Университетте 40 әдістемелік орталық жұмыс жасайды.
Лилль 1 университеті QS WUR 2010 рейтингінде 346-орынды иеленеді.
Университетте 20 000 студент білім алады, оның ішіндегі 20%-ы шетел студенттері.
«Лев Гумилев атындағы ЕҰУ мен Лилльдік ғылыми-технологиялық университет арасындағы екіжақты келісім білім және ғылым саласындағы ғасырлық өркендеудің көрінісі болмақ», - деп атап өтті баспасөз орталығы.