Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
4297 0 пікір 20 Қыркүйек, 2018 сағат 10:26

Президенттікке үміткер болған Бабановқа қарсы қылмыстық іс тоқтатылды

Жогорку Кеңештің экс-депутаты, «Республика Ата-Жұрт» партиясының лидері Өмірбек Бабановқа қарсы қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған. Бұл жөнінде Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы (ҰҚМК) Ыдырыс Кадыркулов парламентте мәлімдеді.

Үгіт-насихат кезінде Бабановтың Ошта «Әмір-Темір» (Он-Адыр) шағын ауданында сөйлеген сөздері ұлтараздықты тудырады деп қылмыстық іс қозғалған. ҰҚМК басшысы халықаралық және жергілікті сарапшылар Бабановтың сөйлеген сөздерінде ұлтараздықты туғызатын әрекеттер жоқ деп таныды дейді.

Ыдырыс Кадыркулов барлық материалдардың тергеу ісіне берілгенін айтады. «Олар мұны қылмыстық іс аясында қарады. Іс тоқтатылды», - деді ол.

Бабановқа қатысты былтыр 4 қарашада Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 1-тармағы («Конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге жария түрде шақыру») және 299- баптың 1-тармағы («Ұлттық, нәсілдік және діни араздық туғызу») бойынша іс қозғалған.

2017 жылы президент сайлауынан кейін Өмірбек Бабанов Қырғызстаннан кетіп, саяси мансабын аяқтайтынын мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1121
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2657
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 776
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 740