Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3060 0 пікір 28 Наурыз, 2011 сағат 04:32

Мұхтар Шерім. Жириновскидің жыны келді!

(Саяси сатира)

Құдай-ау, күні кеше ғана  күшене-күшене кеңірдегі тесіле жаздаған «жынды» Жириновский, ия, ия Ресей думасы төрағасының орынбасары Владимир Жын­довский  топан судың үстінде ағып барады!

Мәскеуде жердің «қытығы» келіп, қатты түшкіріп салуының әсерінен Ресей өзендері кемерінен асып, жер бетіне жайыла бастаған еді... Жириновскии байғұс бөрененің үстінде шоқиып отыр. Сонадайдан ағып келе жатқан бірдеңені көзі шалды. Жақындағанда байқады, креслосымен ағып келе жатқан Ресей президенті Медведов екен.

- Дми-Дми... Дмитрий! Құтқара гөр мені!-деп айқайлады бұл.

- Атаңа нәлет десе!-деп тістенді президент.

- Өй, президент деген балағаттамайды...

- Иттің баласы десе! Нең бар еді, күліп?

- Күлеміз ғой, енді үрмейтін шығармыз?

- Сен күліп те, үріп те жүрсің!

- Не істеп қойдым соншама?

- Жапония елі жер сілкінісінен, цунамиден он мыңдаған адамынан айырылып, қайғы жұтып отырғанда, «ойбай, сол керек өздеріне! Куриль аралдарын түстеріңде көресіңдер енді! Өліңдер, қырылыңдар!» деп теледидардан сөйлегенің не?

- Сөйлесе ше? Батыс Қазақстан Ресейдікі деп те жүрмін, онда тұрған не бар?

- Естіп қойды...

- Кім?

- Құдай. Сөйтіп біздің елге топан су жіберіп отыр, есалаң!

Төбеден тікұшақ көрініп, президентті арқанмен тартып алып кетті. Жындовский ұмтылып еді, Медведов тілін шығарып, мазақтаған болды... Енді қайтті? Қарны да ашып барады... Қайран Қазақстаным-ай... Сонда туылдым, сонда өстім, бір үзім нан бере гөр...  Сонадайдан стол ағып келеді. Үстінде біреу отыр. Жәй отырған жоқ, бутерборд жеп отыр. Жақындағанда барып таныды, Ресей премьер-министрі Путин екен...

- Дай хлеб, кусок...-деп тамсанды бұл. Бөрене толқынмен ағып, оған жақындады.

- Атауыңды же...-деді анау.

- Өй, сендерге не болған? Мен ұлы Ресей мүддесі үшін...

- Құдай қылығыңды кешірмеді... Сенің кесіріңнен кабинетімде отырған күйі ағып келемін!

- Кешіріңіз...

- Не жынды емессің, не сау емессің!

- Біз қайда ағып барамыз өзі?

- Жапонияға!

- Өлә-ә...

- Бәлә-ә...

Тік ұшақ көрініп, Путинді де алып кетті. Жындовскидің жыны келді. Ағысы қатты толқын мұны тұншықтыра жаздады. Сол аққан күйі Жапония жаққа барып тоқтады. Аш. Әлі жоқ. Әшейінде әйелінен басқа ешкімді құшақтамайтын ол бөренеге жатқан бойы құшақтап алыпты... Жағаға келіп тіреліпті бөренесі. Жыртитып, көзін ашса, Жапония премер-министрі Наото Кан қолын созып тұр екен...  Мұның бар айтқаны: «Братан, дай сто грамм...»

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3334
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6105