ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу кезінде Еуроодақ өкілі екіжақты қарым-қатынастың дамуына, атап айтқанда, білім беру саласы, ауыл шаруашылығын дамыту, сумен қамтамасыз етуге мүдделі екенін жеткізген.
Ауэр сонымен бірге Еуропалық одақ Қырғызстанда демократияның дамуы мен адам құқықтарының нығаюын қолдайды деп атап өткен.
Эдуар Аэур осыған дейін Брюссельде Еуропалық қызметтің Батыс Балқан жөніндегі бөлімін басқарған және Еуроодақтың Тәжікстандағы өкілі қызметін атқарған.
Осының алдындағы Еуроодақтың Қырғызстандағы өкілі Чезаре Де Монтис 2017 жылдың қазан айында миссиясын аяқтаған.
Abai.kz