Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
4218 0 пікір 24 Қыркүйек, 2018 сағат 10:25

Түркіменстан президенті Душанбеде өтетін ТМД басшылары саммитіне бармайды

Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов Душанбеде 27-28 қыркүйекте өтетін ТМД басшыларының саммитіне қатыспайды. "Бейтарап Түркіменстан" үкіметтік газеттің жазуынша, саммитке елдің вице-премьері барады.

Түркімен президенті 29 қыркүйек- 2 қазан аралығында Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының 73-сессиясына қатысу үшін Құрама Штаттарға атанады екен.

ТМД төрағалығы бұл жолы Тәжікстаннан Түркіменстанға өтеді. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзі төрағалық еткен жылдарға есеп беріп, басқару тізгінін енді биресми түрде Түркіменстан үкіметіне тапсырады. Ашхабад билігі ТМД елдерінің дамуы Тұжырымдамасын жариялауы тиіс.

Саммитке Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) мүшелері Владимир Путин, Александр Лукашенко, Ильхам Алиев, Армен Саркисян, Нұрсұлтан Назарбаев, Шавкат Мирзияев, Сооронбай Жээнбеков және Игорь Додон барады деп күтіледі.

Әзірге Киев саммитке шақыруға жауап бермеген. Украина ТМД құрамынан шығамыз деп мәлімдегенімен, әлі заңды түрде ТМД мүшесі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1146
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2676
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 792
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 760