Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
4227 1 пікір 24 Қыркүйек, 2018 сағат 11:59

Алматы қауіпсіз қалалар рейтингісіне кірді

Ғаламшардағы қылмыс статистикасын жүргізетін Numbeo сервисі 2018 жылдың "Қылмыстық рейтингісін" жариялады, - деп жазады Абай-ақпарат turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандар 327 қаладағы қылмыстарды сараптаған.

Сонымен, әлемнің ең қауіпсіз қаласы БАӘ астанасы - Әбу-Даби болды. Мұнда қылмыс индексі 13 пайыздан сәл асып отыр, ал қауіпсіздігі бойынша көрсеткіші 86,37 пайызға тең. Бұдан кейінгі орындарда Катардағы Доха орналасқан, кейін швейцарияның Базель қаласы (индексі - 16 пайыз). Ең қауіпсіз қалалардың ондығына Сингапур, Квебек, Осака, Токио, Берн, Мюнхен және Цюрих енген.

Қазақстан қалаларынан тізімде Алматыға ғана бар екен. Рейтингте оңтүстік астанамыздың алып отырған орны - 216. Сервис мәліметтері бойынша, қаладағы қылмыс индексі 50,06 пайыз, ал қауіпсіздік индексі - 49,94. Әлемде қылмыс ең көп жасалатын қала Сан-Педро-Сула болды, бұл Гондурастағы ең ірі қалалардың бірі (қылмыс индексі 85,18).

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1110
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2646
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 768
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 735