Жұма, 22 Қараша 2024
3784 1 пікір 25 Қыркүйек, 2018 сағат 14:22

Алматыда «Южный» саябағы бір ай ішінде қайта жөндеуден өтеді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қайта жасау жұмыстары жүріп жатқан «Южный» саябағын аралап көрді. Саябақ 14,2 га аумақты алып жатқан Жароков көшесінің шығысы мен Ходжанов көшесінің солтүстігіне қарай орналасқан.

Қаланың Табиғи ресурстар және табиғаттты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаев мердігердің саябақты реконструкциялауды ұзаққа созуы конкурсқа қатысқан бір компанияның берген арызының салдарынан туындағанын,оның үстіне тұрғындардың ұсыныстары ескеріле отырып, жобаға түзетулер енгізілгенін, сараптамаға қайта жіберілгенін айтты.

Бұрындары мегаполис әкімі тұрғындардың талаптарын ескере отырып жобаға қажетті өзгерістер енгізуді тапсырған болатын.

«Мұнда тұрғындардың барлық топтарына: арбадағы баласын сүйреген аналарға, балдырғандарға, тыныштықты қалайтын қарт адамдарға барынша ыңғайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Бұл көңіл көтеретін саябақ емес, адамдар мұнда тынығуға келеді, сондықтан асфальтты алаңды азайтып, бұрыннан бар жолдар мен сүрлеулерді жаңартып, жайлы көлеңкелі кеңістік жасап, архитектуралық үлкен пішіндердің орнына шағын жарық көздерін пайдаланған жөн», - деген еді Бауыржан Байбек.

Қазіргі кезде саябақта кеспе тас төселуде, 14 км жерді суаратын су құбыры тартылуда.Келесі аптадан бастап жарық көздерінің 180 бағанасы орнатылады. Аудан тұрғындарының тілегі бойынша көше жиһазы, стационарлы дәретхана, иттердің және өзгелердің кіріп кетпеуі үшін қоршау қойылады.

«Барлық жұмыстар бір айдың ішінде сапалы аяқталуы тиіс. Бұл саябаққа тек осы ауданның ғана емес ,өзге ауданның тұрғындары да серуендеп, демалуға келеді», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, бұрындары аудан тұрғындарының Алматы әкіміне жасаған ұсынысы негізінде «TURKUAZ GROUP OF COMPANIES» компаниясы «Нұр Отан» партиясының тұғырнамасында «Южный» саябағында тұрғын кешенін салудан өз еркімен бас тартып, саябақтың солтүстік бөлігіндегі жер телімін мемлекетке қайтарған болатын.

Abai.kz
1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321