Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5995 1 пікір 16 Қыркүйек, 2018 сағат 15:17

Жұмысшы құқығын Кәсіподақ қорғауға тиіс

Жалақы дер кезінде төленбеген жағдайда, еңбек шарттары бұзылса, жұмысшының мүддесі мен құқығы бұзылған кезде кім көмек көрсетіп, тегін заңгерлік кеңес береді? Жұмысшының мүддесі мен құқығын заң жүзінде қорғайтын жалғыз ұйым – Кәсіподақ болып саналады.

Қазақстанның Кәсіподақтар Федерациясы республикамыздағы ең саны көп ұйым болып табылады, өйткені оның құрамына 18 салалық кәсіпқой одақтар біріккен, жалпы саны 2 миллионнан астам мүшесі бар. Олардың ішінде 221 752 адам – Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2161 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері.

Бұл туралы «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. Ресми статистика бойынша Қазақстан Республикасындағы жалдамалы жұмысшылар саны 6 млн. адамды құрайды, соның 35 пайызы кәсіподақ ұйымдарында мүше екен.

Кәсіподақ дегеніміз…

Кәсіподақ немесе кәсіпқой одақ — бұл барлық сала және кәсіпорындар жұмысшыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында құрылатын ұйым.

Кәсіподақ немен айналысады?

Жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізеді, жұмыскерлердің атынан жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер көзделген келісімдер мен ұжымдық шарттар жасап, олардың орындалуын қадағалайды.

Еңбек туралы заңнамалардың орындалуына қоғамдық бақылау жасайды.

Еңбекті қорғау мен еңбек жағдайларын жақсартуға байланысты қоғамдық бақылау жасайды.

Келісім және өндірістегі келеңсіз жағдайларды тексеру жөніндегі комиссиялар арқылы кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғайды.

Құқықтық мәселелер жөнінде ақысыз кеңестер береді.

Кәсіподаққа мүше азамат қандай құқықтарға ие болады?

Еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және ұсынуға;

өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен ұсынуға Кәсіподақ органдарының кез келгеніне өтіну;

өз пікірін еркін айту және шешімдерді қабылдауда қатысу;

кәсіподақ мүшелері құқықтары мен мүдделеріне қатысты, ақпаратты алу, сонымен қатар Кәсіподақ істерінің жағдайы туралы, ақпаратты алуға;

кәсіподақ жұмысқа кіру, жұмыс барысында қызмет ауыстыру мен жұмыс шығу мәселелері бойынша, сондай-ақ, жұмыс және демалыс уақыты, еңбек қауіпсіздігі, кепілдіктер мен өтемақы мәселесі бойынша тегін заңгерлік көмек береді;

кәсіподақ органдарына сайлануға және сайлауға;

ақысыз кеңестер мен заңды көмекті, мәдени, емдеу және басқа қызмет көрсетулерді, материалды және басқа көмекті алуды пайдалану;

кәсіподақтар кәсіподақ мүшесі атынан жұмысшының өкілі ретінде оның тапсырмасы немесе өтініші негізде оның қатысуынсыз жұмыс берушімен арадағы келіспеушіліктерді реттей алады;

өндірістегі қайғылы жағдай мен кәсіби дерттерді тексеру кезінде, өндірісте денсаулығына келген залалды өтеу мәселесінде кәсіподақ мүшесінің құқығы қорғалады;

өмірлік қиын жағдайлар туындағанда және басқа да жағдайларда материалдық көмек алуға құқығы болады.

Кәсіподаққа қалай кіруге болады?

Егер Сіздің жұмыс орыныңызда бастауыш кәсіподақ ұйымы болса, кәсіподақ комитетіне кәсіподаққа мүшелікке қабылдау және мүшелік кәсіподақ жарнасын ұстау туралы өтініш жазу қажет. Мүшелікті дәлелдеу құжаты болып, кәсіподақ комитетімен берілетін кәсіподақ билеті табылады. Кәсіподаққа кірмес бұрын, Жарғымен және бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ережемен танысуға құқығыңыз бар.

жұмысшылардың әлеуметтік және жеке мәселелерін шешудегі көмекшіге;

өндірістегі үздік нәтижелерде, еңбек және өндірістік тәртіпті қамтамасыз етуде әріптеске;

еңбек дауларын шешуде көмекшіге (еңбек дауын жоспарсыз құрыла салған топпен емес, істің барысын білетін құзыретті ұйыммен шешуде);

еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасына қатысты мәселелерді шешуде нақты көмекшіге қол жеткізеді.

Кәсіподақ ұйымы бар жұмыс беруші не ұтады?

Кәсіподақпен әріптескен жұмыс беруші:

жұмысшылардың әлеуметтік және жеке мәселелерін шешудегі көмекшіге;

өндірістегі үздік нәтижелерде, еңбек және өндірістік тәртіпті қамтамасыз етуде әріптеске;

еңбек дауларын шешуде көмекшіге (еңбек дауын жоспарсыз құрыла салған топпен емес, істің барысын білетін құзыретті ұйыммен шешуде);

еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасына қатысты мәселелерді шешуде нақты көмекшіге қол жеткізеді.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіподақ жұмысының нәтижелері

Мамандардың айтуынша, кәсіподақ тарапынан ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындарда бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру бағытында күн сайын жұмыс атқарылуда. Осы мақсатта Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылдық жалпы кірісі 60 000 АЕК асатын орта және ірі кәсіпкерлік нысандарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру бағытында сараптама жүргізіліпті.

Жергілікті және атқарушы билік органдарында кәсіподақ ұйымдарының мүддесін қорғау және түрлі мәселелерді шешу мақсатында Шымкент қалалық Қоғамдық кеңес құрамына 1 адам, ал аудандық Қоғамдық кеңестер құрамына 33 адам мүше болып кірді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы барлық деңгейдегі мәслихаттарға кәсіподақтың 15 мүшесі, ал Парламент Мәжілісіне 1 адам сайланды. «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы президиумының құрамында кәсіподақтардың мүддесін  кәсіподақтардың аумақтық бірлестігі қорғайды.

Кәсіподақ әлеуметтік қолдау көрсетеді

Берік Бекжановтың айтуынша, қазіргі таңда кәсіподақта қамқорлық көмек көрсететін Әлеуметтік орталық жұмыс істейді. Демеушілердің қолдауымен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан мыңнан астам бала мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне жаңа оқу жылына қажет құрал-саймандар мен киім-кешек таратылды. Кәсіподақ облыстағы кәсіподақ ұйымдарында жұмыс істеген Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне жыл сайын құрмет көрсетеді. Концерттер мен кездесулер ұйымдастырылып, материалды көмек көрсетіледі. Жыл сайын балаларды қорғау күніне орай кәсіподақ ұйымының өкілдері Балалар үйіне барады, демеушілердің көмегімен қайырымдылық жасайды.

Үздік студенттерге тегін жолдама

2017 жылы 10 салалық кәсіпдақта 4100 адам сауықтыру орындарына жолдама алды. Оның ішінде 2938 жолдама ОҚО білім беру және ғылыми қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетіне тиесілі, ол мақсатта 160 миллионнан астам теңге бөлінген болатын. 1114 баланы сауықтыру мақсатында 16 миллион теңгеге жуық қаржыны облыстық білім беру және ғылыми қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті бөлді. ОҚО мәдениет және ақпарат кәсіподақтары облыстық комитеті тарапынан жүзу бассейніне 52 абонемент бөлінді.

Денсаулық сақтау кәсіподақтары филилалының құрамына кіретін студенттерге қоғамдық өмірге белсене қатысқандары және үздік сабағы үшін Орталық кәсіподақтар кеңесінің атынан және Кәсіподақтың ОҚО филиалын атынан жыл сайын конкурс негізінде атаулы стипендия тағайындалады.

Кәсіподақ жұмыссыздарды тегін қайта оқытуға дайын

Еліміздің сандық экономикаға көшуі, өндірістік процестердің автоматтандырылуы, роботтандырылуы еңбек нарығына міндетті түрде әсер етеді. Атап айтқанда, жұмыс орындарының қысқаруы секілді мәселелер туындайды. Осы орайда кәсіподақтар жұмыс орындары қысқаруы мүмкін деген кәсіпорындарды анықтау мақсатында еңбек ресурстарының ағымы жөнінде Жол картасын әзірлеуге белсенді атсалысады деді Берік Бекжанов. Айтуынша, жұмыссыз қалған азаматтарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта оқытып, ертеңгі күні оларды жұмысқа орналастыру үшін арнайы іс-шара ұйымдастырылады. Мысалы 1 маусымнан қыркүйек айына дейін ОҚО кәсіподағының оқыту орталығында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында бірінші бағыт бойынша жұмыссыз азаматтар оқытылады. 200-ге жуық адам қамтылып, оларды тоқымашы, аспаз, жүргізуші, жиһаз құрастырушы секілді 8 мамандыққа оқыту көзделуде. Теория бір ай оқытылып, екі ай практикалық сабақ қарастырылған. Қазіргі таңда бағдарлама аясында іс-тәжірибеден өту үшін өңірдегі ірі кәсіпорындармен келісім жасалды. Азаматтар тегін оқытылады.

Еске салайық, облыс бойынша 2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 12 159 адам оқуға жіберілген. 2018 жылы 7200 адам оқумен қамтылды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5506