Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
4717 0 пікір 27 Қыркүйек, 2018 сағат 10:46

Алматы қаласы Әуезов ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Әуезов ауданының әкімі болып Әнуар Өскенбаев тағайындалды, деп хабарлайды Абай-ақпарат Алматы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әуезов ауданының жаңа әкімі мемлекеттік басқару органдарында едәуір тәжірибе жинақтаған.

Әр жылдары Индустрия министрлігінде, 5 жылдан астам уақыт Есеп комитетінде қызмет атқарған. «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ішкі аудит Қызметінің басшысы болған.

2015 жылы Алматы қаласы әкімінің аппарат басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2016 жылдан қаланың Тұрғын үй және тұрғын үй инпекциясы басқармасының басшысы болды.

Ол басқарма басшысы қызметін атқарған кезде ПИК мәселесіне қатысты заңға өзгерістер енгізілді, тұрғын үй қорын ұстауға қатысты Ереже қабылданды, «Е-КСК» жобасы жүзеге асты. ТҮКШ модернизациялау бағдарламасына орай 550-ден астам үй жөнделді, соның ішінде 520 лифт.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1055
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2602
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 738
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 700