Сенбі, 28 Қыркүйек 2024
4665 15 пікір 27 Қыркүйек, 2018 сағат 11:29

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық тағайындаулар жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен:

ҚР Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы қызметін қоса атқарушы қызметіне;

ҚР Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды. 

Abai.kz

15 пікір