Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 25701 19 пікір 10 Қазан, 2018 сағат 13:51

Мәжіліс пен Сенаттағы 155 депутаттың 45-і зейнеткер

Қазақстан Республикасында "зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заң бар. Ол Заң бәрімізге ортақ. Мал бағып, шөп шабатын шаруа қазаққа да, қалам құшақтап, қағаз жастанатын Астанадағы ақ жағыларға да. Басқасы жоқ бізде.

Қазір елімізде 2 миллионнан астам зейнеткер бар екен. Базалық зейнетақыны қосып есептегенде, орташа зейнетақы 81 мың теңге көрінеді. Ең жоғарғы зейнетақы 126 мың теңгені құрапты биыл. Ал келер жылы орташа жалақы 87 мың теңгеге көбейеді екен, тағы. Келер жылғы жоспарда ең төменгі жалақы мөлшері 36 мың теңгеден сәл асады деп көрсетілген. Биылғы жылға қарағанда 5700 теңге қосылыпты.

Бұл біздің ойдан алған ақпаратымыз емес. Бұл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтқандары.

Ал 18 қыркүйекте Сенатта өткен бір жиында сенатор Бірғаным Әйтімова зейнетақы жинағы туралы сөйлепті. Зейнетақы жинағын бір реттік төлеммен беруді қайта қолданысқа енгізуді ұсыныпты. Зейнетақы туралы сөйлеген зейнеткер депутаттың дегендеріне көз жүгіртейік енді:

«Зейнеткерлер күш-қуаты бар кезде өмір бойы жиған ақшаның қызығын көріп қалу керек. Мен түсінемін ақша жоқ шығар. Сосын ай сайын төлейді. Зейнетекерлер өз келешегін ойламайды деу — қателік. Бірден жұмсап тастайды деп жауап беретіндеріңіз түсінікті. Олар кейін емес, қазір қызық көргісі келеді. Шетелге шығып қыдырса, қызығын көрсе. Неге бұрынғыдай істемеске? Бөліп төлеу қалай қабылданып кеткен? Мен өзім ол заңға дауыс бергенім жоқ», - дейді сенатор Әйтімова.

Өткенде өзі зейнеткер болса да, мемлекеттік қызмет істеп, «А» корпусынан айлық алып отырған Сенатор Бірғаным апа Әйтімова бір сөз айтты.

«Таңғаларлығы, менің зейнетақым мемлекеттік қызметте бір күн де істемеген достарымның зейнетақысымен бірдей. Біраз қызмет атқарғаныма қарамастан, зейнетақым 100 мың теңгеден сәл ғана асады. Мен зейнеткермін, менің зейнетақым бұрын гаражды басқарған адамның зейнетақысымен бірдей», - деп жыларман болды.

Бірғаным апа кезінде бірқатар елде Елші болды. Білім және ғылым министрлігін басқарды. Қазір депутат һәм зейнеткер. Пенсиясын бір алып, жалақысын екі алып жүрген «крутой әже».

Айтпақшы, бұлай жасап жүрген жалғыз Әйтімова емес. Зейнет жасына жетсе де депутаттық креслосын босатпай жүрген «пенсионерлер» Парламентте жетіп артылады. Сенбейсіз бе, міне қараңыз. Біз ерінбей, әлгілерді әйдіктеп, тізім түзіп шықтық. Таныса жүріңіздер:

Алдымен Парламенттің төменгі палатасындағы пенсионерлер жайлы жазайық.

Мәжілістегі зейнеткер аталар:

Роман Ким - 1955 жылы туған. Жасы 63-те (8-мамырда толды).

Омархан Өксікбаев - 1954 жылы туған. Жасы 64-те.

Михаил Чирков - 1954 жылы туған. Жасы 64-те.

Асқар Базарбаев -1954 жылы туған. Жасы 64-те.

Ерсұлтан Бектұрғанова -1952 жылы туған. Жасы 66-да.

Бәйділдә Жылқышиев - 1952 жылы туған. Жасы 66-да.

Бақытжан Ертаев - 1952 жылы туған. Жасы 66-да.

Сауытбек Әбдірахманов - 1951 жылы туған. Жасы 67-де.

Ахмед Мурадов - 1951 жылы туған. Жасы 67-де.

Абай Тасболатов - 1951 жылы туған. Жасы 67-де.

Жанат Жарасов - 1951 жылы туған. Жасы 67-де.

Серік Үмбетов - 1950 жылы туған. Жасы 68-де.

Шаймардан Нурумов - 1950 жылы туған. Жасы 68-де.

Жексенбай Дүйсебаев - 1950 жылы туған. Жасы 68-де.

Владимир Божко - 1949 жылы туған. Жасы 69-да.

Қабиболла Жақыпов - 1949 жылы туған. Жасы 69-да.

Бақтықожа Ізмұхамбетов - 1948 жылы туған. Жасы 70-те.

Тұрғын Сыздықов - 1947 жылы туған. Жасы 71-де.

Қуаныш Сұлтанов - 1945 жылы туған. Жасы 73-те.

Владислав Косарев - 1937 жылы туған. Жасы 81-де.

Мәжілістегі зейнеткер апалар:

Зағипа Балиева - 1958 жылы туған. Жасы 60-та.

Гүлнар Иксанова - 1958 жылы туған. Жасы 60-та.

Құралай Қарекен - 1958 жылы туған. Жасы 60-та.

Татьяна Яковлева - 1958 жылы туған Жасы 60-та.

Зәурен Аманжолова - 1958 жылы туған. Жасы 60-та.

Светлана Бычкова - 1957 жылы туған. Жасы 61-де.

Гүлмира Исимбаева - 1957 жылы туған. Жасы 61-де.

Ирина Аронова - 1957 жылы туған. Жасы 61-де.

Майра Айсина - 1956 жылы туған. Жасы 62-де.

Екатерина Никитинская - 1955 жылы туған. Жасы 63-те.

Галина Баймаханова - 1954 жылы туған. Жасы 64-те.

Гүлжан Қарақұсова - 1950 жылы туған. Жасы 68-де.

Әйелдер демекші, зейнеткерлер туралы Заңға өзгерістер енгізілген. Жаңа өзгеріс бойынша 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдер 58,5 жасқа толғанда зейнетке шығады. Сөйтіп әр жылы 6 айдан ұзартылып отырады. Ал 2027 жылдан бастап ерлер мен әйелдердің зейнет жасы теңестіріледі.

Енді Мәжілістегі зейнеткер апалардың жасын осы талап бойынша есепетейік.

Ирина Смирнова 1960 жылы 21-шілдеде туған. Демек 58,3 жаста. Бұл кісі биыл 21-жетоқсанда  58,5 жасқа толады. Яғни зейнет жасының мөлшері жиыл 58,5 жас екенін ескерсек, бұл кісі 21-желтоқсанда зейнетке кетуі керек.

Ал енді Сенатқа қарай ойысайық. Сенат сөзі – латынша  senatus, senex — кәрі, қария сөзінен шыққан. Былай айтқанқа Қазақстанның Сенаты – «Қариялар кеңесі» деуге әбден келеді. Олай деуімізге себеп те бар. Сенатта зейнеткер депутаттар аз емес. Міне олардың есім-осйлары:

Сенаттағы зейнеткер аталар:

Рашит Түсіпбеков. 1955 жылоы туған. Жасы 63-те(28-қаңтарда толған).

Владимир Волков. 1955 жылы туған Жасы 63-те (12-маусымда толған).

Рашит Әкімов. 1954 жылы туған. Жасы 64-те.

Георгий Ким. 1953 жылы туған. Жасы 65-те.

Қасым-Жомарт Тоқаев. 1953 жылы туған. Жасы 65-те.

Бақытжан Жұмағұлов. 1953 жылы туған. Жасы 65-те.

Марат Тағымов. 1952 жылы туған. Жасы 66-да.

Дулат Құсдәулетов. 1952 жылы туған. Жасы 66-да.

Талғат Мұсабаев. 1951 жылы туған. Жасы 67-де.

Бекмырза Еламанов. 1950 жылы туған. Жасы 68-де.

Төлеубек Мұқашев. 1950 жылы туған. Жасы 68-де.

Сенаттағы зейнеткер апалар:

Сәуле Айтпаева. 1960 жылы туған. Жасы 58-де (22-мамырда толған).

Бірғаным Әйтімова. 1953 жылы туған. Жасы 65-те.

62 жасқа толғандар (Бұлар келер жылы зейнетке кетуі керек депутаттар):

Ерік Сұлтанов,

Мұхтар Жұмағазиев,

Серік Жақсыбеков,

Ғұмар Дүйсембаев,

Бектас Бекназаров,

Дәурен Әділбеков.

2013 жылғы 21-маусымдағы № 105-V Заң. Онда ҚР Азаматтарының зейнетке шығу жасы және тәртібі тайға таңба басқандай анық жазылған.

Ерлер үшін зейнеткерлік жас 63 жас, әйелдер үшін – 58 жас 6 ай. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 11 бабына сәйкес әйелдер үшін зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айға көтеріледі.

Әйелдердің зейнеткерлік жасының кезең-кезеңмен көтерілуі:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда;

......

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда.

Көрдіңіз бе, Қазақстанның негізгі Заң шығарушы органы саналатын Парламенттің қос палатасы пенсионерлердің пансионатына айналып үлгеріпті. Мәжілістте 107 депутат бар. Сенатта қазір 48 депутат тізімделіп тұр. Сонда қос палатада 155 адам депутаттық мандатты иемденіп отыр деген сөз.

Бұл 155 депутаттың 45-і қазірдің өзінде зейнетақы алып отырған азаматтар. Олардың қатарында 69 жасқа толса да Мәжілісте вице-спикер боп отырған Владимир Божколар бар, жасы жетпіске жеткен Ізмұхамбетовтер бар, жетпістен асқан Сыздықовтар мен Сұлтановтар бар. Ол ол ма, сексеннен асқан Косаревтер де әлі күнге депутаттық креслода отыр.

Ол аз десеңіз, 65-тен асқан Әйтімовалар мен 68-ден асқан Қарақұсовалар да қатарластарынан қалмай Парламентте жүр.  Біз әлі зейнет жасына әне-міне таяп қалғандарды тізбелеген жоқпыз.

Олар Заңға пысқырмайды. Пысқырса, орындайтын еді ғой. Жоқ. Заңды орындап қарық қылмағандар қалай Заң шығарумен айналысады дейсің кейде. Депутат деп отырғандардың дені экс шенділер ғой.

Аңсар Мұсаханов Алматы облысын басқара алмай, Президенттің алдында тілі күрмеліп, ұятқа қалған. Қазір депутат. Басы дауға қалған Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі Ерік Сұлтанов та қазір депутат. Экс-әкім Серік Үмбетов те, Бақтықожа Ізмұхамбетов те депутат. Экс-министр Бақытжан Жұмағұлов пен Владимир Божко да депутат. Анау Әйтімова да экс-министр.

Жоғарыдағы саяси кадрларға қарай тұра, мынадай ойға қалдық. Ақорда саяси кадрға тапшы ма, әлде өз саласында там-тұмдап тірлік ете алмағандарды сенатқа жинау қағидасы қалыптасып қалған ба? Сонда экс дегеннің бәрі депутат бола ма? Жә, жас болса және бір жөн. Кіл зейнеткер...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499