Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 4047 1 пікір 15 Қазан, 2018 сағат 12:22

Жігерлі жан

Жәнібек мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдайтын арнайы таксимен күндегіше жұмысқа тағы да ертерек келді. Жаны көпшілікті қалайды. Өмірінің бар қиындығын жұмысы ғана сейілтетін сияқты. Ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Атырау облыстық филиалының қалалық №1 халыққа қызмет көрсету орталығында маманы.

1989 жылы өмірге келген Жәнібек Бегежанұлы 2014 жылы бел омыртқасына зақым келгенінің салдарынан арбаға таңылған болатын.

Шыда, шыда,

Шыдай түс, шыда тағы

Шыдамдыны мына өмір ұнатады.

Үміттің құлан иек құла таңы,

Әйтеуір бір атады, бір атады...

Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,

Өмір, өмір!

Болмайды түңілуге,

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге,- деп ақиық ақын Мұқағалидың жырын жанына серік еткен кейіпкеріміз ән салғанды ұнатады.

«Бағымды сынап, тест тапсырып көргенмін, бәрі оңынан болып, жұмысқа орналастым. Бұл да бір менің тағдырымның қиын тұстарында, мүгедектікпен күресудің бірден-бір жолы ретінде, ортамен араласуға үлкен бір мотивация болғандай қатты қуандым. Әрине, басында қызық сияқты көрінді, кейіннен қиыншылықтарын да байқадым. Халықпен жұмыс жасағаннан кейін бәрінің көңілінен шыға беру мүмкін емес, бірі алғыс айтып көңіліңді көтеріп кетсе, енді біреулер риза болмай жатады. Дәл осындай сәтте еңсеңді көтеріп, қолдау білдіретін ұжымдастарым бар. Және жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасап отырған басшылыққа алғысым шексіз!», - дейді кейіпкеріміз.

Осындай жігерлі жандардың жетістіктері азаймағай, ал әріптесіміздің өміріне арайлы таң мен қуаныш шуағын тілейміз!

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5536