Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2156 0 пікір 7 Сәуір, 2011 сағат 04:39

Мұхтар Шерім. Обама, о, Обама!

(Саяси сатира)

Шәй, шәй ішсең, көңілің жай... Сайлауда жеңіске жеткен Елбасымыз Америка президенті Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Ана­тольевич  Медведовті көк шәй ішіп кетуге  шақырды.

Шынымды айтсам, Назарбаевтың күзетшісі болып жүріп, Обаманы тірідей бір­­інші рет көруім. О, Обама, Обама! Қазақтың қара торы жігітіне ұқсайды екен. Жүдә жайдары. Біреу табанынан қытықтап жатқандай, ыржалақтап күле береді. Оның қасында Медведов бұғының сирағын жұтып қойғандай, бұйығы отыр.

- Ыржалақтай бермей, тыныш отырыңызшы!-деп қалды Дмитрий Анатол­ьевич Обамаға  жақтырмай қарап.

- Пардон, не болып қалды?

- Нұрекеңді құттықтамаймыз ба?

- А, ия, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырза, құттықтаймын! Керемет! Окэй!-деп бас бармағын шошайтты Обама. «Обаманы бір көрейінші, Обаманы бір көрейінші!» деп қоймаған соң, «Аттан» қоғамдық қозғалысының лидері Амантай қажы  осы дастарханға қатысып отырған. Шәйден бір ұрттай беріп, Обамаға ала көзімен бір атты да:

- Оңбаған бала екенсің!-деп қалды. Назарбаев ыңғайсызданып:

- Кешіріңіз, сізге тегін бата беріп жатыр,- деп жуып-шайды. Қазақшаны шала-шарпы білетін Обама жымиып, қымыздан сіміріп салды.

- Әй, Обама!-деп дауыстады Амантай қажы тағы да,--сен президенттікке сайланарда мен қалай тілектес болдым десеңші! Түнімен ұйықтай алмай шықтым ғой! Біле білсең, сен менің арқамда президент болып отырсың! Құдай тілегімді қабыл етпегенде, америкаңда  арқаңды тыр-тыр қасып, насыбай атып отырар ма едің?  Бір шәйға шақырмадың ғой! Кофе, кокакола бермедің ғой! Адам емес екенсің! Сендерде сұрқия саясат!

Назарбаев ым қағып еді, мен нөкерлеріме көзімді қыстым. Күзетшілер Амантай қажыны орнынан көтеріп бара жатты. Сонда да сөйлеп болар емес:

- Обама! Ақ Үйдің араласпайтын жері жоқ екен! «Атом бомбасын іздейміз» деп Иракты «құшақтадыңдар». Ауғанстанды пышақтадыңдар! Атаңа нәлет Каддафи өз халқына өзі оқ атты. Осыны желеулетіп, Ливияны тұмсықтан ұрып жатырсыңдар! «Қой» дегенге қоймаған, «қой» дегенге зар болады...

- Не деп жатыр? Бірін түсінсем, бірін түсінбедім?-деп сұрады Обама.

- Сізді осында келуіңізбен құттықтап жатыр,-деді Медведов.

- Ашулы ғой?

- Ол ашуланып құттықтайды. Стилі сондай,-деді Назарбаев. Ет желініп, қымыз ішіліп болған соң, Обама балық аулағысы келді. Үшеуі қармақ салып, Каспий теңізі жағалауында отыр. Депутат жағымпаздар су астында жүзуге арналған киімдерін киіп, теңізге құлады да, президенттердің қар­мақта­­рына балықтарды іліп отырды.

- О-о, бұл не? деп таңырқады,- Обама. Оның қармағына «балық іліккен», бірақ, балықтың басына кішігірім тақия кигізіп, оны шандып байлап тастапты.

- Қазақы тақия,- деді елбасымыз.

- Мафия что ли?-деп қалды аң-таң болған Медведов те.

- Тақия. Тюбитейка...

- Қазақ қонағына өте кең пейілді. Балықтарымызға дейін ұлттық-дәстүрді сақтайды...-дедім мен. Күзетші мұндай жерде тым-тырыс тұру керек еді, шыдамадым. Жағымпаздар тым қызып кетсе керек, Медведов қармағын тартып қалғанда, оған қақталған балық ілікті. Медведовтің көздері жерге түсіп кете жаздады. Елбасыға қарады. Қашанда, жайдары жүзді Елбасымыз масаттанып:

- Дмитрий Анатольевич, біздің қазақы балықтар бір мезгіл жағаға шығып, күнге қыздырынып жатады. Мынау қатты қыздырынса керек, сыра ішкенде жақсы,- деді. Медведов басын шайқап, балықтан бір тістеп, сыраны басына төңкерді. Шымкент сырасын. Біздің президент те қармағын тартып қалған. Балық орнына еліміздің көк байрағы  ілініп шыға келді...

- Қазақстан Африкада да Қазақстан!-деп көтеріңкі дауыстады президент. Жаса, Қазақстан!

«Абай-ақпарат»

0 пікір