Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4059 9 пікір 17 Қазан, 2018 сағат 11:19

Біздің рухымыз қандай деңгейде?

«Рухы жадау адам төменшік болады» депті Гете деген ойшыл. Біздің рухымыз қандай деңгейде?

Меніңше, рухымызды төмендету үшін дұшпандарымыз жымысқы амалдар жасап жатыр. Соның бірі - өз елімізді өзімізге жамандату.

Әлеуметтік желіде шындықты айттым дейтін ақындар көбейді. Тіпті оларды Абайға теңейтіндер де бар екен. Шын мәнісінде «Е, бітіппіз ғой, сорлы екенбіз ғой» деген ой қалыптастырудың таптырмас амалы.

Осындай ақынсымақтарға Есағаның «Еліңді жамандама» деген өлеңін оқы деп айтар едім.
Еліңді жамандама жамандатқыр,
Отырсың ұпай жинап, амалдап құр.
Адасып бөтен ел-жұрт, бөгде өлкеде,
Жете алмай ел-жұртыңа арам қатқыр.
Тұрған соң жақын ел-жұрт, жақын ауыл,
Еліңді жамандайсың ақымақ ұл.
Қайтер ең бөтен елде адасып қап,
Бір пенде жоламаса қасыңа бір.
Адасып алыс елде кеткеніңде,
Айтарсың байқұс бала өкпе кімге?
Шығып ап жар басына далбасалап,
Тұрар ең айқай салып көк теңізге.
Еліңді, жұртыңды іздеп тау, теңізден,
Көк дауыл ұрар еді желкеңізден.
Көсемсіп көп сөйлейсің ел мен жұртың,
Көп сипап қойғаннан соң әукеңізден.
Тілгілеп текеметті, сырмақты да,
Жамандап жалпақ елді жын қақты ма?
Іші өткен бұзау құсап көп емген соң,
Біттің ғой өз қораңды былғап мына.
Секілді шайпау қатын жүрші ұрынбай,
Бәрібір бола алмайсың шын Сүйінбай.
Бетімді жіберсең де тырнап жүдә,
Батырдың басындағы тыртығындай,
Шындық та жарасады-ау, шын жақсыға.

Жұмахмет Жайлаубайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543