Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2254 0 пікір 8 Сәуір, 2011 сағат 11:20

Жаңа да ескі Үкімет

Сонымен бүгін ұлықтау рәсімін өткізіп, ел билігін жаңаша сипатпен қолына алған Н.Назарбаев түстен кейін парламенттің жалпы отырысына қатысып, депутаттарға жаңа үкіметтің құрамын жасақтау туралы ұсынысын жеткізді. Ата заң бойынша жаңа сайланған президент ұлықталған соң Үкімет тарауы тиіс.
Депутаттардың алдында сөз сөйлеген президент Үкіметті бұрынғыдай Кәрім Мәсімов басқара берсін деген ұсынысын жеткізді.
Әдеттегідей елбасын бірауыздан қолдаған депутаттар осындайда көзге түсіп қалудың мүмкіндігін қалт жібермеді. Кезек кезегімен сөз алған депутаттар Зейнолла Алшымбаев, Бауыржан Смайылов, Нұрлан Өнербаевтар желдей есіп, желпінісіп, мақтау мен мадақтың адамның ойына келмейтін теңеулерін тауып жатты. Смайылов тіпті ескі де су жаңа президент Н.Назарбаевты Әз-Тәукемен тең көретінін жасырмады. Олардың мақтауынан Мәсімов те кенде қалмады. Сөйтіп, елімізде өркен жайған демократияның жемісін жұрттан бұрын жеп жүрген қалаулыларымыз демократиялық жолмен билікке жеткен президенттің демократтық ұсынысын нағыз демократтарша қабылдап жіберді.

Мұртын шиыршықтай күлген Мәсімов те сөз алып, өзінің ұстазы  Назарбаевқа алғысын жаудырып, сенімін ақтайтын жеткізді. Оның қазақша былдырлатып жөнелген сөзін елбасын бөліп «байқадыңдар ма, қайта сайланады дегенде қазақшаны қалай әдемі сөйлеп жатқанын» деп депутаттарды бір күлдіріп алды. Бүгін ғана инаугурациясы өткен президенттің көңіл-күйі жаман емес екен. Ескі де жаңа үкіметті қайта сайлап тастаған депутаттарды «Кәрім, мен 95 пайыз дауыс жинап президент болсам, сен 100 пайыз дауыс жинап премьер болдың» деп тағы да күлкіге қарық қылды.

«Маса-ақпарат»

0 пікір