Сенбі, 23 Қараша 2024
2656 2 пікір 23 Қазан, 2018 сағат 10:28

Еуроодақ Ресей мен АҚШ-ты зымырандар жөніндегі келісімді сақтауға шақырды

Еуроодақ АҚШ пен Ресейді орта және жақын қашықтықтағы зымырандар жөніндегі келісімде "конструктивті диалогқа" шақырды.

Бұл жөнінде Еуроодақ сыртқы саясат қызметінің ресми сайтында айтылған. АҚШ президенті Дональд Трамп өткен сенбіде Мәскеуді айыптап, Вашингтонның аталған келісімнен шығатынын мәлімдеген.

Еуроодақ таратқан мәлімдемеде зымырандар жөніндегі келісімнің Еуропа үшін әрі ғаламдық қауіпсіздік үшін маңызды екенін атап өткен.

Еуроодақ Ресей алыс және жақын қашықтықтағы зымырандар жөніндегі келісімді сақтайды деп, ал АҚШ қандай да бір шешім қабылдар алдында ойланады деп үміттенетінін жеткізген.

Зымырандар жөніндегі келісімге 1987 жылы қол қойылған. Онда Құрама Штаттар мен СССР 500-ден 5 мың шақырым қашықтыққа дейінгі ұшырылатын қанатты және баллистикалық зымырандарды сақтау, шығару және сынау мәселесі қаралған. Сонымен бірге қолданыстағы зымырандарды және жіберу қондырғыларын жою жөнінде айтылған.

Қазан айының басында НАТО-дағы АҚШ елшісі Кей Бейли-Хатчинсон АҚШ ресейлік зымыран қаруын алдын ала залалсыздандыруға ниетті, бұл аталған келісімді бұзады деп ескерткен. Қыркүйек айында Breaking Defence АҚШ-тың қорғаныс министрлігіндегі дереккөзге сілтеме жасап, Пентагон СССР құлағаннан бері бірінші рет 1600 қашықтыққа жіберілетін зымыран жүйесін әзірлеп жатыр деп мәлімдеген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475