Сенбі, 23 Қараша 2024
3036 2 пікір 25 Қазан, 2018 сағат 10:20

Бас прокурор: монополистер қазақстандықтардың есебінен 29 млрд теңгеге байыған

Қазақстандық монополистер тарифті көтеріп, миллиардтаған пайда тапқан. Осылай деп Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров мәлімдеді.

«Көптеген қаржылық заң бұзушылық анықталды, монополистер шығындарын қасақана көтеріп, 29 миллиард теңгеге (80 млн доллар) күмәнді мәміле жасаған», – деді бас прокурор.

Оның сөзінше, «антимонополиялық мекеменің үнсіз келісімімен қызметкерлерге сыйақы, бонус, сонымен бірге несиелерге үстемақы қосылған».

Бас прокуратураның болжамы бойынша, шығынды қолдан көбейту үшін, арнайы жөндеу жұмыстарын жүргізетін кәсіпорын құрылып, құрал-жабдықтар сатып алынды деп бағаны көтерген. Заңсыз түскен табыстар жеке компаниялар арқылы жеке қалтаға түсіп отырған.

Қожамжаровтың мәлімдеуінше, монополистер бақылаудың әлсіздігінен, халықтың есебінен байып келген.

«Мәселе екі министрлік – энергетика және ұлттық экономика арасындағы көмескіліктен. Тарифті бөлек-бөлек қояды екен, екі мекеменің арасында келісім жоқ», – деп түсіндірді бас прокурор.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406