Сенбі, 23 Қараша 2024
Бетбұрыс 5749 43 пікір 25 Қазан, 2018 сағат 12:20

Тарихты қазбалағаннан түк шықпайды

Суретте талантты қызымыз Адина Манатбекова

Жуырда Ресейдің Россия-1 арнасындағы «Удивительные люди» телешоуында жерлесіміз Адина Манатбекова 35 секундта 18 бет оқып, көрермендер мен қазылар алқасын таңқалдырды. Ол оқып қана қоймай, сол оқығанының мазмұнын қазыларға айтып та берген. Оның ерекше қабілеті әлеуметтік желіде де кеңінен таралды.

Жалпы, қазіргі қазақ балаларының ішінде ғылым-білімге, жаңа технологияларды меңгеруге құштар балалар өте көп. Осыдан біраз уақыт бұрын Ақтаулық Орынгүл Арыстан есімді оқушы да әлемнің түкпір-түкпірінен келген 150 зияткер оқушылармен бірге 30 мың есепті небәрі 26 минут 26 секундта шығарып, елді сүйсінткен еді. Сонымен қатар, Орынгүл  2, 3 таңбалы есептерді калькулятордан да тез есептеп, әр есепке бар болғаны 2 жарым секунд жұмсайтынын айтқан.

Ал, 12 жасында ҚБТУ дың студенті атанған Абзал Мырзаш та көпшілікке кеңінен танымал. Ол өзі құрастырған жаңа әліпби нұсқасын ұсынып, оның компьютерге лайықталған бағдарламасын жасап шыққан болатын.

Тағы бір талантты бала Нұрәлі Бейсеқожа. Ол Денис Теннің қазасын естіген соң, оған арнап музыкалық шығарма жазған еді. Ол да небәрі 12 жаста. 4 жасынан бастап фортепианода ойнай бастаған оны ең жас композитор деп те атап жүр.

Бұдан бөлек спортта, өнерде, басқа да пәндік олимпиадаларда топ жарып жүрген кішкентай таланттар аз емес. Және ондай дарындар ауылда да жеткілікті.  Тек оларды танып, насихаттай білу керек.

Біз еліміздің даму бағытын көбіне өткенімізден іздеп жатамыз. Сөйтіп, тарихты қазбалаудан жалықпаймыз. Ал, болашақ деген біздің өткеніміз емес, келер уақыт екенін ескерсек, сол келешекті бүгіннен бастап қолдауға тиіспіз.

Қорыта келгенде, тарихты қазбалағаннан түк шықпайды. Одан да, "бұлақ көрсең, көзін аш" деген ата-баба нақылын басты бағдар ету керек. “Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады", - дейді Абай 7 -қарасөзінде. "Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам дейді. Бұлар тәннің құмары. Ал біреуі; білсем, көрсем, танысам екен дейді. Көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Бұлар жанның құмары".

Ендеше, Абай айтқан сол екі мінезді жақсы жаққа тәрбиелеу ата-ананың парызы. Ал, “ақыл, ғылым, жүректі бірдей ұстаған” өскіндер атаның ғана емес адамның баласы болатыны ақиқат.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

43 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406