Жұма, 22 Қараша 2024
3137 0 пікір 30 Қазан, 2018 сағат 09:52

Индонезияда жолаушылар ұшағы құлады

Индонезияда Lion Air компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Индонезия билігінің хабарлауынша, ел астанасы Джакартадан Панкалпинанг қаласына ұшып шыққан Boeing 737 ұшағы Суматра аралына жақын теңізге құлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақта 188 адам болған. Ұшақта тірі қалғандар бар-жоғы әзірге белгісіз. "Ұшақтың апатқа ұшырағаны расталды" деді Индонезия ұлттық іздеу және құтқару агенттігінің ресми өкілі Юсуф Латиф 29 қазан күні таратқан хабарламасында.

Flightradar 24 сервисінің мәліметінше, ұшақтың толық атауы Boeing MAX 737 деп аталады. Модификацияланған бұл типті ұшақтар 2017 жылы пайдаланыла бастаған. Бұған дейін Boeing-тің мұндай модельдері апатқа ұшыраған емес.

Boeing компаниясы ұшақ апатынан хабардар екенін және жағдайды "жіті бақылап отырғанын" мәлімдеді.

Lion Air Group компаниясының атқарушы директоры Эдуард Сираи компания апатқа қатысты барлық ақпарат пен деректі жинастырып жатқанын ғана айтып, әзірге комментарий бере алмайтынын хабарлады.

Индонезияда соңғы жылдары бірнеше рет ұшақ құлап, адам шығыны болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322