Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
4366 1 пікір 30 Қазан, 2018 сағат 09:56

Астана төрт мекемеге Интернетті бұғаттауға рұқсат берді

Қазақстанның Бас прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі үкімет қаулысына сәйкес, Интернетті бұғаттау құқығына ие болды.

Аталған мемлекеттік органдар өкілетті органмен өзара әрекет ете отырып, әлеуметтік, табиғи және техногендік тұрғыдан төтенше жағдай болғанда, үкімет мен президент байланысынан басқа Интернетті, байланыс жүйесін тоқтатуға құзыреттері бар делінген қаулы мәтінінде.

Құжат өткен жексенбіде, 28 қазанда күшіне енді.

Қазақстанда жыл басынан бері Facebook, YouTube, Instagram және Telegram желілеріне кешке жақын кіру қиындап жатады. Маусым айында қазақстандық құқық қорғаушылар "әлеуметтік желіні бұғаттауды тоқтатуға" шақырды. Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның таратқан мәлімдемесінде азаматтар кез келген уақытта қажетті ақпаратты алуға құқығы бар деген.

Айта кету керек әлеуметтік желілерді бұғаттау уақыты шетелде тұратын бұрынғы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың желілер арқылы Астананы сынайтын онлайн эфирімен сәйкес келеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 906
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2341
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 609
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 591