Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Саңлақ 5173 10 пікір 30 Қазан, 2018 сағат 11:14

Илья Ильин үлкен спорттан кетуі мүмкін

Қазақстандық атақты ауыр атлет Илья Ильин жарақатына байланысты үлкен спорттағы мансабын аяқтауы мүмкін.

Допинг дауына байланысты ұзақ уақыт жарыстардан шеттетілген Илья биыл маусым айынан бастап жаттығуға қайта оралған. Әрі қыркүйек айының басында Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында топ жарды.

Өзінің бұрынғы атақтарын қайтарып алуға білек сыбана кіріскен атлет осыдан кейін Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына қатысуды көздеген. Алайда әлем біріншілігі жақындаған тұста Ильяның Ашхабадтағы әлемдік додаға бапкердің көмекшісі ретінде баратыны белгілі болды.

Бұған жеңіліп көрмеген ауыр атлеттің омыртқасындағы жарақаты себеп болып отыр. Бұл жарақат 2016 жылы пайда болған. 8 ай бұрын дәрігерлер омыртқа арасындағы жарықтарды байқаған екен.

Ильяның өзі егер дәрігерлер рұқсат берсе 2019 жылғы Азия чемпионатында бақ сынағысы келетінін айтып жүр. Егер рұқсат берілмесе, спорттағы мансабын біржола аяқтайтын болады.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1124
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 743