Еркебұлан Әлімханұлы. Империялардың мақсатттарын жасыру саясаттары
Еуропалық империялар өздерінің империялық саясатын христиан өркениетін жаюдың астына жасырса, модерн либерал империялар адам құқықтарын ту етіп көтеріп отыр[1]
Сеумас Милн
Ежелгі дүниеден бері тарихта қаншама империялар өтті. Олардың көбі екінші бір елді жаулап алу үшін өздерінің ниеттерін жасырып беттеріне жалған бетперде жамылды. Империялар - түпкі ойларын, бір елге көмектесу, сауатын ашу, дамуына үлес қосу немесе әділдік орнату дей отырып жүзеге асырды. Ал кейбір алып империялар болса белгілі бір идеологияны негізге алып сол идеяны тарату, қору сияқты желеулерді алға тартып, басқа елдерді жаулап алды немесе ықпал аймағына айналдырды. Дәлел ретінде тарихтағы империялардың бірнешеуін алуға болады.
Ескендір Зұлқарнайын халқына Батыс пен Шығысты біріктіру идеясын ұсынды. Осындай идеямен әскерлерін рухтандырған ол, алып империяның негізін қалай білді.
Ежелгі Рим империясы, Жерорта теңізі аумағында бір мемлекет құру идеясын ұсынды. Осындай мақсатпен көші елдердің барлығын дерлік жаулап алды. Бұл жерде Римде жеңімпаз әскерлер мен қолбасыларға үлкен құрмет көрсетілгенін, басқа елге жорыққа шыққан оларды халық батыры санағанын айтып өту кету керек.

Осман империясы ислам дінін жаюды алға қойды. Біз Алланың дінін әлемге таратуымыз керек деген Османдықтар, «түріктер - исламға көп еңбек сіңіретін болады» деген Пайғамбар хадисін ұран етіп алды. Кәпірлерден «азат етуіміз» керек деп(жаулап алу емес) Таяу Шығыс аймағына өз үстемдігін орнатты.
Англия, Франция, Патшалық Ресей сияқты жаңа заманның империялары жабайыларға «өркениетті үйрету» керек деген идеологияны ұстанды. Өркениет пен библияны жаямыз деп әлемді бөліп алған жоғарыдағы елдердің отарларына қаншалықты мәдениет әкелгені белгілі. Британияның империялық саясатының әлемде орасан зор қателіктердің пайда болуына себеп болғанын өткен аптада Пәкістанға жасаған ресми сапарында Ұлыбритания премьер-министрі Дәуіт Сэмеронда айтып қалды. «Британия әлемдегі көптеген проблемалардың шығуына себепкер болды[2]» - деп Англияның отарлық саясатының зардабын көрсетіп берді.
Кеңес Одағы да коммунизмді таратуды мақсат етіп қойды. Әлемнің барлық елінде революция жеңеді, социализм орнайды деген Кеңес Одағының тоталитарлық жүйесінің жетістігі бәрмізге аян. Бірақ осы идеологияның арқасында олар әлемнің 1/6 бөлігін уысында ұстаған біртұтас мемлекет құра білді. Ал оған жартылай тәуелді елдерді қосатын болсақ, онда империя әлемнің жартысына үстемдік құрған болып табылады. Егер әлемнің барлық елдерінде дерлік коммунистік не социалистік партия жұмыс жасағанын, ол елдерде революциялық пиғылдағы адамдардың санының көбейгенін ескерсек бұл идеологияның қаншалықты жемісті болғанын көреміз.
Тіпті фашистік Германияда өзіне ыңғайлы идеология тауып алды. Арий ұрпақтары басқа әлемге үстемдік жүргізуі тиіс деген идеяны алға ұстаған олар өз отарлық саясатын осылай бүркемелеуге тырысты.
Осы жерде империялардың барлығы неге мұндай идеологияларға жүгінді дейтін заңды сұрақ туындайды. Өйткені мұндай идеологиялар бірнеше маңызды мәселелердің шешілуіне көмектесті:
1. Бұл идеологиялар империялық пиғылды жасырушы бет перде ретінде қолданылды;
2. Империя халқын біріктіруші тиімді құрал болды;
3. Империя - «дамымаған, мақұрым, жабайы» басқа халықтарға мәдениет пен өркениет, дін мен ғылым сияқты құндылықтарды үйретуіміз керек деп өз халқын алдай отырып олардың биліктің саясатын қолдауына қол жеткізді. Осылайша жаулап алушы халықты басқа халыққа үстемдік етуге итермелеуші тәсіл ретінде пайдаланылды.
4. Жаулап алынған халықтың арасынан өзін қолдаушылардың шығуына жол ашты. Идеологияға алданған жергілікті халықтың арасынан отаршылардың сойылын соғушылар шықты, олар әрине жаулап алуды оңайлатты.
Ал енді бүгіннің империясы саналатын АҚШ тың идеологиясы не? Ол әрине «демократия» мен «адам құқықтары». АҚШ демократия талаптарын бұзды деп кез- келген әлі жететін елге әскер кіргізе алады. АҚШ тың халқы да бұған сенеді, өйткені олар өздерінің әскері «дамымаған, диктаторлық немесе авторитарлық жүйе үстемдік құрған, халқы биліктен зәбір көріп, аш отырған» елдерге көмектесу жолында құрбан болуда деп ойлайды.
АҚШ идеологиясының (империализмінің) басқалардан ерекшелігі жаппай мемлекеттерді жаулап алудың қажеті жоқ. Айтқанына көніп, айдағанына жүрмегендерге ғана күшін көрсетіп қояды, қалғандары мұны көрген соң амалсыз өздері сұрағанын береді. Ал олар барлық отарлаушылар сияқты отар елді қанауды ойлайды. Егер ойы жүзеге аспаса, онда империалистік күшін көрсетеді.
Сондай-ақ Ауғанстандағы және Ирактағы соғыстар тәжірибиесі көрсеткендей бір елге басып кіру экономикалық тұрғыдан да, саяси тұрғыдан да тиімсіз. Бір елге басып кіріп соғыс ашқанға қарағанда, ол елді өз ішінде белгілі топтарға бөліп, өзіне керекті топқа қаржылай көмек беру әлдеқайда тиімді. Бұл:
- соғыс ашуға кететін милиардтаған қаржыны үнемдеуге;
- әскерлерін шығынға ұшыратпауға;
- саяси иммиджине нұсқан келмеуіне көмектеседі.
Әрі бөлініп өзара қырқысып жатқандарға төреші болып майдан алаңының сыртынан бақылайды. Қалаған тобын билікке әкелгеннен кейін ол топ ұнамаған күні басқа адамды билікке отырғызады.
Сондықтан «батыстан» келіп жатқан идеологиялар мен құндылықтарға сын көзбен қарап, оның түбіне үңілгеніміз дұрыс сияқты. Әйтпесе «іштен шыққан жау жаман» деп дана халқымыз айтып кеткендей сол идеологияға алданған адамдар өз елінің отарға айналуын тездете түсері анық. Мүмкін, шынайы демократияны басқа жақтан емес өзіміздің ата дәстүрімізден іздеген жөн болар. Өйткені қазіргі демократияның бастауы саналатын Афин демократиясымен салыстырғанда «дала демократиясы» көш ілгері болған.
«Абай-ақпарат»
[1] http://www.guardian.co.uk/commentisfree/2011/apr/06/ignoring-imperial-history-licence-west
[2] http://www.guardian.co.uk/politics/2011/apr/05/david-cameron-pakistan-raise-taxes-rich