Серік Сыралғы. Қазаққа қойылған «Құлыптас»
Кеңес өкіметі тұсында неге екені белгісіз қазақстандық барлық ірі қалаларда бойы бір тұтам бір-бір көшелердің атауы «Қазақ» аталған. Олардың ұзындығы 30-100 метрді қамтитын. Және әрбір облыс орталығында болды десек қателеспейміз. Мұның неге керек болғандығы түсініксіз. Шамасы, әр облыс орталығы мен астанада бір ғана қазақ орта мектебі болғаны секілді бұл да бір қитұрқы идеологияның көрінісі болса, керек. Сұрқия идеология десек болады. Өйткені, осы «Қазақ көшелері» арқылы кеңестік қазақстандық қалалардағы ономастика мәселесінің қазақ ұлтының «пайдасына» шешілген сыйқы ма дерсің...
Шын мәнінде, мұны қазақ халқына арналған құлыптас деуге болады. Өйткені, ұлттық республикаларда мұндай шара көшелерді сол ұлт атымен атау, не ұлтты кемсіту немесе оның болашақта болмайтындығына деген алдын ала қойылған құлыптас секілді. Мәселен, ондай атауды, не өзбектен, не қырғыздан кездестіре алмайсың!

Бір қызығы, сол «құлыптастар» кейбір қалаларда өткен ғасырдың 90-жылдарында «Азат» қозғалысының мүшелерінің айқайымен басқа атауға айырбасталған, ал біразында әлі сол күйі, сол құлыптас күйінде мызғымай тұр. Мысалы мына көше Астана қаласында әлі «Қазақ көшесі» аталады, ал оның Шәкен атамыздың атына берілгеніне бірнеше жыл болды, бірақ, «қазақ» атауы жарысып, құлдығымызды еске салғандай әлі қалмай тұр. Бейне бір, бар қазақтық сипатымыз сол атауда ғана ілініп тұрғандай. Алайда, «Айманов» деген орыстекті фамилияға қарап, Шәкен атамыздың ажалы неден болғанын да ұмытып кеткенбіз, сірә! «Айманұлы» десек, біреу бізге бірдеңе дей ме?! Қайтерсің, бұған? Жылайсың ба? Әлде қазақы құлдықтың жанкештілігіне күлесің бе?!
«Абай-ақпарат»