Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4335 2 пікір 1 Қараша, 2018 сағат 13:05

Бізді алаңға алып шыққан ұлттық рух болатын!

Бір дүрбелеңнің жақындап келе жатқанын іштей сезетінбіз. Бірақ, қалай келеді, қай жағымыздан соғады аңғармай қалдық.

Сол жылғы желтоқсан айының өзі бір түрлі ызғарлы болды. Бес сомдық радиодағы диктордың дауысы жүрегіме қанжар сұққандай әсер қалдырды. КазМу-дің студенттері "Менің Қазақстанымды" шырқап алаңдағы шеруге келіп қосылдық. Қас қарайып,көз байланар мезгілді күтіп отырған компартиялық билік жазықсыз жастарға алапат сойқанды бастап кеп жіберді. Өрт сөндіргіш машиналардан суық су шашу басталды. Біреуді біреу танып болмайтын аласапыран басталды да кетті. Мұздай қаруланған солдаттар да алаңға қарай лап берді. Бас алаң кәдімгі кинодан көретін майдан даласына айналып кетті. Журфактың жігіттері басымызды қосып тайталасып бақтық. Жалаң қолмен жалаңдаған қарулылыларға қалай қарсы тұрасың. Шегіне бастаған бір сәтте : -Бауке, сытылып шығайық, мыналардың беті жаман, оның үстіне КГБ-ның сенің артыңа байлап қойған қоңырауы бар,-дедім.
- Әужеке-ау, мынау жүз жылда да қайталанбайтын ұлы ерлік. Әлі көресің, тәуелсіздіктің бастауы осы күн болады,-деп айқай салды.
Түннің бір уағында жатақханаға келісімен бірден қарауылға іліндік.

Түнгі сағат үште Университеттің мәжіліс залында партияның шұғыл жиналысы өтті. Курстағы 9 коммунист қатаң жазаландық. Алды оқудан да қуылды.Бітпейтін тергеудің астында қалдық.

Кімнің кім екені сын сағатта, басыңа іс түскенде белгілі болады. Арамыздан бірлі-жарым сатқындар да шықты. Ұстаздарымыздың да теперішін аз көрмедік. Көзімізді шұқып тұрып ,, декабристер,, дейтін. Тек қана қайран Темкең, Темірбек Қожакеев ағай ғана бір түн жанымызда болып, мұңға толы жүрегімізді, шерге толы көңілімізді жұбатып еді. "Шындық шыңырауда жатпайды,түбі жарыққа шығады" дегенді де сол данышпан ұстазымыз айтып еді-ау.
Бізді алаңға алып шыққан ұлттық рух болатын. РухРухРух! Аталарымыздан, әкелерімізден, ұстаздарымыздан сіңген рух.
Амангелді Әбілов
Бесінші жатақхананың ақсақалы.

Шоқан Сыздықұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322