Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2635 0 пікір 14 Сәуір, 2011 сағат 05:15

Мұхтар Шерім. Құдайы қонақпыз...

Жұмыстан келсем, үйде, төрде біреу шәниіп жатыр. Шәниіп жатқаны былай тұрсын, шәй ішіп жатыр, жастықты шынтақтай жатып.

- Бұл кім?-деп сұрадым әйелімнен.

- Атақты ұры екен.

- Ұры неғып жатыр біздің үйде?

- Құдайы қонақпын дейді.

Қазақ қонағын құдайындай күткен емес пе, ұят болар деп, баукеспе ұрыға сүрленген соңғы етімізді асып бердік. Ұры құлайын деп тұрған үйімізге таңдана қарап: «ұрлайтын ештеңе жоқ екен...» деп күрсінді. Біз де құдайы қонағымызды жыламсырап шығарып салдық. Тағы бір күні жұмыстан келсем, үйімде біреу басын жуып жатыр. Әйелім құмғанмен су құйып тұр.

- Бұл кім?-деп сұрадым мен.

- Атақты коррупционермін дейді.

- Басын жуып жатқаны несі?

-  Басы қышып кетіпті. Құдайы қонақ екен...

«Құдайы қонағымызды» Құдайымыздан күтіп жібердік. Үйде түк жоқ болған соң, басына «ағараған ғой» деп, айран құйып шығардық.

Күн демалыс болған соң, кеш тұрып, есік алдына шықсам, бір кісі, бет ауызын сақал басқан, насыбай атып тұр.Үйге зып ете қалып, шәй дайындап жатқан әйелімнен:

- Мынау кім?-деп сұрадым.

- Құдайы қонақ.

- Өзіміз аш отырғанда неғылған құдайы қонақ? Қашан келді?

- Түнде кіріп кетіпті ғой, өзім де білмей қалдым. Төргі бөлмеде пырылдап ұйықтап жатыр екен.

- Есікті іліп қоймап па едің?

- Терезенің форточкасынан кіріпті.

- Өй, әкеңнің...-деп ашуланып сыртқа жөнеле беріп едім, әйелім «пәднөшке» беріп, етпетімнен түсірді.

-Ұят болады... Ливияның лидері Каддафимін дейді. Елімде соғыс, ООН соққысынан шаршадым, Үндістанға кетіп бара жатыр едім, құдайы қонақпын дейді...

Кадекеңді халқына оқ жаудырғаны үшін жек көрсем де, құдайы қонақ болған соң, пәтір нан жегізіп, шығарып салдым. Көшеге дейін шығарып салып,үйге келсем, біреу есік алдында есінеп отыр.

- Кешіріңіз, сіз кім боласыз?-деп сұрадым мен.

- Өзің кім боласың?-деп дүңк етті ол.

- Құдайы қонақпын... Ой, кешіріңіз, осы үйдегі әйелдің түнде бірге жататын күйеуімін...

- Ә-ә... Мен құдайы қонақпын...

- Қайдан келесіз?

- Беларуссиядан. Сондағы метроны жарып келемін. Саяси тапсырыспен...

Қуып шығайын десем, қорыққанымнан талып қалыппын. Көзімді ашсам, террорист қазанымыздың қаспағын қырнап жеп жатыр екен. Қош айтпастан кетіп қалды...

Тағы бір күні үйіме кештетіп келсем, үйде құдайым-ау, премьер министріміз кәрім Мәсімов жүр... Қуанғанымнан құлап қала жаздадым.

- Сіз пре-прем...-ба?-деп тұтығып та қалдым.

- Ия. Құдайы қонақпын... Президент сайлауынан кейін, қайта тағайындалға­ны­ма қуанып кетіп, елімді жаяу аралап жүр едім, үйлеріңде тас та жоқ екен. Қазір кетемін...

- О не дегеніңіз, тым болмаса кеуіп қалған су ішіп кетіңіз...

- Кепкен су бола ма?

- Болады... Біздің ауылда таза су жоқ... Суды сатып аламыз. Күнге кептіріп, үнемдеп ішеміз... Ал түк тындырмаған облыс әкімдері қайта тағайындалып жатыр...

- Ох, аудан әкімі! Қаржыны жібереміз, жібереміз, қайда сол қаржылар?-деп Мәсімов ашудан булығып, жағамнан алды.

- Қ-қайдан білейін...

- Кешіріңіз, сіз әкім емес екенсіз ғой...

Мәсімов кеткен соң әйеліме:

-Мына өмірден шаршадым!-дедім,- бір апта жоқ болып кетейінші...

Бір аптадан кейін үйге келсем,  үйге кімнің келгенін айтайын ба? Құдай-ау, кім келді дейсіз ғой... Жарайды, кімнің келгенін айтсам, шалқаңыздан түсерсіз, өзіңіз долбарлай беріңіз, мен құдайы қонақтың қолын алайын... Ассалаума-ғалей-ку-у-уум!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555