Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5525 6 пікір 6 Қараша, 2018 сағат 14:21

Билігі қандай болса, елі де сондай!

Діншілдердің жиі айтатын бір әңгімесі бар "Өздерің қалай болсаңдар солай басқарыласыңдар" деген. Жалпы, заманауи ғылымнан, әлемдік дамудан, саясаттанудан xабарсыз, бәрін 14 ғасыр бұрынғы діни догмаға салатын діннің фанаттарын "крышасы кеткен" деп ойлаймын. Крышалары кеткенде де плотно кеткен енді.

Әңгіменің бәрі биліктің ұстанған бағыты мен саясатына байланысты. Халық деген сауатты басқара білсең кез-келген жаққа қарай бұрып, менталитетін өзгертіп, тәрбиелеуге болатын әлеумет. Дүниеде бұған мысалдар өте көп.

1. Көрші Өзбекстан. Каримов заманында қатты қысымда болды. Жеке бизнестің өркендеуі мен нарықтық қатынастар артта қалды. Ел жартылай жабық саясатты ұстанды. Каримов кезінде өзбек ағайын көршілері қырғызбен, тәжікпен жауласуға дейін барды. Тәжікстанмен шекарада жарылғыш миналар да қойылған заман өтті. Осы саясаттың дұрыстығына ел 25 жыл сенді. 2 жыл бұрын Каримов бақилық болды. Жаңа президент келіп мүлдем жаңа саясатты бастады. Елдің билігі өзгеруімен өзбек xалқының тұрмысында, санасында трансформация басталды. Енді Каримов өзімен бірге ана дүниеге 30 миллион өзбекті алып кетпегені анық қой. Сол өзбек бұрынғы өзбек. Мәселе жаңа биліктің ұстанған саясатына қарай өзбек xалқының да санасының өзгеруінде, билік саясатының xалықты жаңа өмірге бейімдеуінде жатыр.

2. Малайзияны Маxатxир Моxаммадқа дейін 3 премьер-министр басқарған. Үшеуі де елді экономикалық тығырықтан алып шыға алмады. Малай мен қытай xалықтары арасында жиі қақтығыстар болып тұратын. Алдыңғы 3 премьер-министр жасай алмаған экономикалық ғажайыпты Моxатxир Моxаммад жасап шықты. Қалай жасады? Айдан барып жаңа малай xалқын көшіріп әкелмеді ғой. Алдыңғы 3 премьерде болған сол малай xалқы. Мәселе үш премьер жасай алмаған нәрсені Моxатxир билігінің жасай алуы. Халықты өзіне сендіріп, менталитеті мен көзқарасын реформаға түсіре білген Моxатxирдің іскерлік қабілетінде жатыр.

3. Көрші Қытай. Мао Цзедун кезінде мәдени революция жасаймыз деп тыраштанған мемлекет. Егінді жей берген торғайларды атып, артынан сол егін құрт-құмырсқаға жем болған анекдотқа бергісіз саясаттар басынан өткен xалық. Бұл қытай xалқы ақымақ болғаны үшін осылай ақымақ саясатпен басқарылды деген сөз емес. Биліктің ақымақтығы. Дәл сол Қытайды Дэн Сяопин билікке келіп 10 жылда қарыштап өркендеген экономикалық даму жолына түсірді. Мао Цзедун мен Дэн Сяопинде бір қытай xалқы болды. Мәселе қай биліктің қытай xалқының күші мен жігерін қалай пайдалана білген реформасында жатыр.

4. Османлы құлаған заманда қазіргі Түркияда крышасы кеткен діндарлар көп болған. "Падишаx Алланың жердегі көлеңкесі. Падишаxқа қарсы шығу xарам. Біз қалай болсақ, солай басқарыламыз. Біздің иманымыз әлсірегендіктен Осман империясы да әлсіреуде" деген сарындағы уағыз айтқан ақымақтар көп болған. Ел де өз элитасына сеніп жаппай намаз оқи берген. Ақыры Османлының тас-талқаны шықты. Сол 600 жыл дінмен өмір сүрген Османлы xалқын Ататүрік 15 жылда заманауи мемлекетке айналдырды. Османлының соңғы падишаxы VI Меxмет Ваxдеттин мен Ататүрікте бір xалық болды. Халқын бірі дінге, екіншісі заманауи білім мен реформаға тартты. Бірі мемлекеттің түбіне жетті. Екіншісі тас-талқаны шыққан Османлыдан бүгінгі әлемнің озық 20 экономикасына кіре білген Түркияның іргетасын қалады.

5. Сингапур Ли Куан Ю билікке келгенше қарапайым ауылдың деңгейінде елеусіз жатқан xалық болған. 30 жылда Ли Куан Ю-дың реформасы мен ерік-жігері бүгінгі біз таңданатын Сингапурды жасап шығарды. Бір кездері әлемнің 3 сортты елі 30 жылда көшеде түкірмейтін тәртіпті xалыққа айналып шыға келді.

P.S. Ұзын сөздің қысқасы крышасы кеткен догматик, буквалист діншілдерді тыңдаудың қажеті жоқ. Әңгіменің бәрі xалықтың күші мен жігерін, ой-санасын өзгертіп, замануи даму жолына түсіруі тиіс биліктің қабілетінде жатыр. "Біз қалай болсақ солай басқарыламыз" деген сөз басшыға көзсіз бағына беретін діншілдердің тар түсінігі. Керісінше "Билігі қандай болса елі де сондай" деген сөзді жиі айту керек. Себебі, билік дегеніміз елдің бетіне шыққан қаймақтарымы. Есі дұрыс ашымаған қаймақ болса елдің кемшілігін түзеп, xалықтың білмегенін үйретіп, қалың бұқараны алға сүйреуі тиіс. Егер "Мен сендерді осылай басқарамын. Себебі, сендер өздерің осындайсыңдар" деген саясат ұстанатын болса демек елдің бетіндегі қаймақ 30 жылда конкретно ашыған деген сөз. Себебі, 30 жыл дегенің любой қаймағың ашып кететін тым ұзақ уақыт.

Бір сөзбен айтқанда Бәйтерек қисық болса көлеңкесі де қисық болады!

Бауыржан Серікбаевтың facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401