Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5145 15 пікір 7 Қараша, 2018 сағат 12:35

Мұрат Қабылбаев: “Қазақстанның 100 жаңа есімі" - жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Мұрат Қабылбаев – он бір баланың әкесі. Ол Ақмола облысында бала асырап алушылар мен әлеуметтік қозғалыстардың ұйымдастырушылары арасында танымал тұлға. Мұрат  «Бала - отбасында өмір сүруі керек» қоғамдық қозғалысының белсенді мүшесі. Сондай-ақ, Аружан Саинның «ДОМ» қоғамдық қорында және  «Қазақстанда жетімдер жоқ» жобасында жұмыс істейді.  usynovite.kz сайтының редакторы.

Сізді ата-ана қаруынсыз қалған он шақты баланы асырап алған азамат ретінде білеміз. Мұндай қадамға баруыңызға не себеп болды?

-Әйелім екеуміз үйленгеннен кейін тоғыз жыл бала сүйе алмадық. Тоғыз жылдан кейін Ибрахим есімді ұлымыз өмірге келді. Ұлым жасқа толғаннан кейін, әйелім екеуміз балалар үйінен бала асырап алу туралы шешімге келдік. Бастапқыда кішкене жастағы үш баланы асырап алу туралы ойлағанбыз. Өйткені, үлкен балаларды тәрибелеу қиын болады ғой. Бірақ, ойлана келе мен ол қағиданы бұзғым келді. Себебі, ересек балалар да отбасы жылуын көруі керек қой. Сөйтіп, он баланы асырап алдым. Олардың ішінде орыс, украин, түрік, татар, поляк сияқты әртүрлі ұлт өкілдері де  бар.

Сіздің істеп жатқан жұмысыңыз да қайырымдылық қорларымен тығыз байланысты. Сол қорлардың жұмысы туралы айтып берсеңіз...

- Мен Аружан Саинның «ДОМ» қоғамдық қорында жұмыс істеймін. Ол қордың жұмыс істеп келе жатқанынна 11 жылдан асты. Сондай-ақ, «Казахстан без сирот» атты жобамыз да бар. Біз онда, бала асырап алғысы келетін ата-аналарға көмек көрсетеміз. Сондай-ақ, онлайн кеңестер береміз. Қазір бізге Қазақстаннан бөлек, Қырғызстаннан, Ресейден азаматтар хабарласып, кеңестер алып жатады. Сондай-ақ, осы бағытта жұмыс істейтін usynovite.kz деген сайтымыз да бар. Осы атқарған істеріміздің нәтижесінде “Алтын жүрек” сыйлығын алдық.

Сондай-ақ, биыл  “Қазақстанның 100 жаңа есіміне” ендіңіз? Бұл жоба Сізге не берді?

-Иә, мені ол жобаға үш организация ұсынды. Ол – Бурабай ауданының әкімдігі, Аружан Саинның қоры және Ақмола облыстық ассамблея мүшелері. Бұл жоба жеңімпаздары онлайн дауыс беру арқылы іріктелді.

Маған бұл жоба – жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Өз жобамның кеңірек танылуына септігін тигізді. Соның арқасында, жоғарыда айтқанымдай шет ел азаматтарымен байланыс орнаттым. Енді, алдағы уақытта өзім жүзеге асырып жатқан жобамның төңірегінде онлайн мектеп ашайын деп жатырмын.

Сіздің “Покажи мне небо...” атты кітабыңыз шығыпты.  Ол не жайында?

-Иә, ол кітап 2015 жылы шыққан. Бізде бала асырап алған ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісе бермейді. Сондықтан біз соны жазу арқылы оқырмандарға жаңа үйге келген балалардың психологиясы қандай болатынын айтқымыз келді. Жалпы, ол кітапта бала асырап алғысы келетін ата-аналарға арналған кеңестер және жетім балалардың тағдыры туралы жазылған. Енді сол кітаптың жалғасын шығаруды жоспарлап отырмын...

Қазір қоғамда талқыланып жатқан “Рухани жаңғыру” бағдарламасы туралы ойыңызды білсек...

Менің ойымша, бұл дер кезінде қолға алған маңызды бастама. Себебі, қазір көбіміз материалдық байлықтың соңына түсіп кеттік. Қарапайым адами қағидаларды естен шығарып жатамыз. Ал, бұл бастама біздің кім екенімізді, тарихымыз бен мәдениетімізді терең түсінуге септігін тигізеді. Былайша айтқанда, қоғамды қайта жаңғыртуға бағытталған жоба деп есептеймін. Сондықтан, бұл барлығымыз үшін маңызды әрі құнды жоба.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404