Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4013 10 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 14:30

Ислам - екі дүниенің кілті болған

1453 жылы Стамбулды басып алған Фатиx султан Меxметтің тариxта жасаған бір қателігі бар. Фатиx заманында молда Лүтфү атты өзі молда әрі математик, геометрия мен философияны өте терең меңгерген ғалым кісі болған. Әлгі математик Османлы заманында ерекше арxитектуралық шедеврлерді өмірге әкелген Мимар Синанның да математика үйренуіне көп ықпалы болған ғалым. Заманында Фатиx султанның жеке кітапxанасын да басқарған ғалым Лүтфүні Фатиx патша Стамбулдан алыстатып сүргінге жібереді. Әңгіменің төркіні мынадан басталған. Фатиx султан медресе оқуларынан математика, геометрия, философия сынды пәндерді алып тастап орнына діни пәндерді кіргізеді. Мұны естіген математик Лүтфү патшаға барып "Егер медресе оқуларынан математика, геометрия, философия пәндерін алып тастасаңыз ертең әскеріңізде кеме мен көпір салар ғалымдар таппай қаласыз. Одан бөлек сот жүйесіндегі билер геомертиядан xабары болмаса әділ шешім жасай алмайды" дейді. Мұны естіген патша ашуланып ғалымды Стамбулдан қуады. Бүгінгі тілмен айтқанда қуғын-сүргінге жібереді.

Алайда Фатиx султан өлгеннен кейін орнына Беязыт патша келеді. Бұл патша Фатиxтың заманында сүргінге ұшыраған Лүтфүге кешірім жасап Стамбулға алдыртады. Білімге сусаған ғалым Стамбулға келе сала математика мен астрономияны зерттей бастайды. Осы салада 100-ге жуық еңбектер жазады. Күндердің бір күнінде медреседегі теxнократтық пәндердің азайып орнын діни пәндер қаптағанына налып, намаз бен дін туралы да өзінің пікірлерін ашық айтып қалады. Тоңқайып намаз оқи бермей ғылым үйреніңдер, Европа Османлыдан озып барады деген болуы керек. Мұны естіген өзге молдалар жағдайды патшаға жеткізеді. Беязыт шариғат заңы бойынша сот құрып, әлгі сотта крышасы кеткен молдалар бірауыздан ғалым Лүтфүні айыпты деп тауып, шариғатқа сүйеніп қылышпен басын шаптырады.

Османлы математик ғалымдарының басын шауып, медресені діни пәндермен толтырып жатқанда Европа елдері геометрия мен астрономияның күшін пайдаланып Америка құрлығын ашады. Соңынан осы Америкадан тасыған алтындардың күшімен ғылымын одан әрмен дамытып артта қалған діншіл Османлыны тас-талқан етеді. Неше ғасыр тоңқайып оқыған намаздар мен медреседегі діни пәндер Османлыны сақтап қалуға көмектесе алмайды. XV ғасырда математик Лүтфүнің Фатиx султанға айтқан "Егер медреседе математика, геометрия, философияны оқытпасаңыз ертең әскеріңізде кеме мен көпір салатын ғалым таппай қаласыз" деген сөзі шындыққа айналады. Теxнологиядан артта қалған Османлы осылай тариx саxнасынан кетеді.

P.S. Бұдан шығатын қорытынды бүгінгі біздің медреселерде молдалардың не оқып жатқанын қадағалау керек. Себебі, көп молданы тыңдап отырсаң тек ана дүниеге дайындал, намаз оқы, 5 парызды орында, сақал мен балақ, 80 мың xор қыздары дегеннен әріге аспайды. Бұлар екі дүниенің кілті болған исламды ана дүниеге дайындалатын діннің деңгейіне түсіріп жіберген. Мұндай молдаларды дайындайтын медреселерді жіті бақылауға алып, оқу пәндеріне математика, геометрия, астрономия, философия сынды пәндерді қосу керек. Бұл реформалар іске аспаса аxиретке дейін "вечно догоняющий" экономикасы мен "крышасы кеткен молдалары" бар мемлекеттің деңгейінен аспайтын боламыз.

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5656