Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3365 17 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 10:54

Конгресс АҚШ-тың әскери үстемдігі азайып барады деп ескертті

АҚШ-тың әскери үстемдігінің азаюы қауіпті деңгейге жетті, Ресейге және Қытайға қарсы соғыста Америка жеңіліп қалуы мүмкін делінген Конгресс комиссиясының арнайы есебінде. Бұл жөнінде Washington Post басылымы жазады.

Құжат авторлары АҚШ президенті Дональд Трамптың Мәскеуді және Бейжіңді басты қауіп ретінде көретін саясатына қосылады.

Есепті жасаушылар аталған авторитарлы елдің билігі АҚШ-қа қарсы арнайы бағдарлама жасап жатыр деп есептейді. "Ұзақ жылдар бойы әлемдік аренада Американың қарулы күші басым болып келді, енді тиісінше қажетты ресурстар мен инновацияға қол жеткізе алмай отыр", - дейді сарапшылар.

Газет отставкадағы әскеридердің пікірін берген. Онда Ресей мен Қытайдың ұзақ жылдар бойы масштабты кикілжіңге дайындалып келе жатқанын, бірақ АҚШ армиясы тиісінше сценарийге дайындалмай отырғаны айтылған.

14 қарашада Норвегия қорғаныс министрлігі Ресейді НАТО әскери жаттығуы GPS жүйесін бұзды деп айыптады. Ресей болса, бұл айыптаулардың бәрін теріске шығарып келеді.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114