Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Құйылсын көшің 8071 15 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 11:27

Көші-қон шақыруын іске асыруға ықпал етсеңіз, Әбдірахманов мырза!

Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Қ.Қ. Әбдірахмановқа

Құрметті Қайрат Құдайбергенұлы!

Қазіргі қолданыстағы «Халықтың көші-қоны туралы» заңының 15-бабында жергілікті атқарушы органдардарға «13-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарайды және куәландырады;» деген құзырет берілген.

Аталған норма бұл заңға 2016 жылы енгізілді. Себебі, осыған дейін шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыратын заңды тетік қарастырылмаған екен. Бұл – бір.

Екіншіден, біздің Ел секілді емес, кейбір мемлекеттер кез-келген азаматына шетелге шығу Төлқұжатын бере бермейді. Мысалы, Қытай.

Қытай Елінде 1,6 миллион қандасымыздың тұратынан ескере отырып, 2015 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көш-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінде талқыға түскенде, Гүлнар Сейтмағанбетова, Нұртай Сабильянов бастаған депутаттардың қолдауымен  осы бапты енгіздірген болатынбыз.

Ал, «Отбасын біріктіру мақсатындағы» бұл шақыру қайдан келіп шықты?

Қазақ көшінің дүрілдеп тұрған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында да осы Төлқұжат алу мәселесі Қытайдан келетін қандастарымызың Атажұртына көшіп келуіне қиындықтар тудырғаны бар. Соны байқаған болу керек, ҚХР-дың сол кездегі Елшісі ме, әлде Консул басшысы ма, біреуі атамыш шақырудың бір үлгісін Көші-қон саясатының басында жүрген Рақым Айыпұлына беріп, осы тәртіпті енгізу туралы жол көрсетіпті.

Қытайда ұлы реформатор Дэн Сяопин билік жүргізе бастаған 1980-ші жылдардан бастап, қытай ұлтының алыс-жақын шетелдерге көптеп шығуына, бір жолата қоныстанып қалуына кең жол ашылғаны белгілі. АҚШ,  Еуропа елдерінде бұрыннан тұратын қытайлар ұлы құрлықтағы қандастарын осы шақыру арқылы сол елдерге шақырып, қоныстанып қалуына мүмкіндік жасаған болатын.

Рақым Айыпұлы ол үлгіні еліміздің сыртқы саясаттын қалыптастыруда үлкен орны бар депиломат Уәлихан Қоңырбаевтың қолына тигізеді. Уәлихан Сиянбеқұлы құзырлы органдармен келісіп, бұл шақыртуды іске асыра бастайды. Соның арқасында, неше он мыңдаған отбасы Қытайдан көшіп келіп, Қазақстанға қоныстанды. Өкініше орай, заңдық негізі болмағандықтан, «Көші-қон шақыруы» аталып кеткен бұл шақырудың ғұмыры ұзаққа бармады, қолданыстан шеттетілді.

Орайы келіп тұрған соң, мен осы шақыруды 2015 жылы «Халықтың көші-қоны туралы» заңына енгіздіріп, заңдастырттым.

Бүгінгі таңда аталған шақыртуды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 13 қаңтардағы №13 бұйрығына сай,  жоғарыда көрсетілгендей, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарындағы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының көші-қон бөлімі қарайды және куәландырды. Сондай-ақ, ол куәландыруды ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық департаменті, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігі растап, мөрін басады. Сосын ҚХР-ға жөнелтіледі...

Өкінішке орай, Қытайдың жергілікті органдары осы отбасын біріктіру мақсатындағы шақыруды қанағаттандырмай отыр.

Құрметті Қайрат Құдайбергенұлы!

Сізден Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда №217 А (III) қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын» және ұлты қытай азаматтардың өзге елдерге осы тәртіппен қоныстанып жатқанын қытайлық әріптестеріңіздің есіне сала отырып, екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін, Қытай Елінің осы шақтыруды атқаруына ықпал етуіңізді сұраймын.

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052