Жексенбі, 12 Қазан 2025
3305 0 пікір 16 Қараша, 2018 сағат 11:18

Қазақстан "Союз-ФГ" зымыран апатынан келген шығын құнын Ресейге жіберді

Қазақстан Ресейдің «Союз-ФГ» зымыранының құлауынан келген шығын құнын Мәскеуге жіберді.

Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты кезінде апат салдарын зерттеуге байланысты құрылған комиссия төрағасы Юрий Ильин мәлімдеді.

«Зымыран-тасымалдаушы құлағаннан уландыратын зат анықталмаған. Ал ауада жанған керосиннен бүгінгі күні ешқандай қауіп-қатер жоқ», – деді Юрий Ильин.

Оның сөзінше, Ресей тарабы апаттың себебін түсіндірген.

«Қазақстан тарабы болса, зымыранның құлауынан келген шығынды есептеп, Мәскеуге жіберді», – деді Ильин.

11 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-ФГ» зымыран-тасымалдаушы ұшар сәтте, апат орын алды. Халықаралық ғарыш станциясындағы космонавтар отырған кемеге жету керек болған зымыран-тасымалдаушының тетіктері дұрыс жұмыс істемей қалған. Роскосмос космонавты Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ник Хейг капсуламен Қазақстан аумағына сәтті қонған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 833
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9949