Жексенбі, 24 Қараша 2024
2707 1 пікір 19 Қараша, 2018 сағат 10:53

Түркістан облысы өнім көлемі бойынша республикада алғашқылардың қатарында

Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.        

«Ауыл шаруашылығы өнім көлемінің өсімі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8% немесе 374 млрд. теңгені құрады.

Оның ішінде мал шаруашылығы 188 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5 %  артты.

Өсімдік шаруашылығы 184,4 млрд. теңге немесе 102,8% жетті.

Ет өндірісі 6,7%-ға артып, 154,7 мың тоннаны құрады. Шетелге 4600 тонна ет экспортталып, бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы елімізде көш бастады. 

Сүт өндірісі 3,2%-ға артып, 555,6 мың тоннаға, жұмыртқа  9,2%-ға артып, 146,7 млн. данаға жетті.

Республика бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 14,1% құрап,  2-орынға шықты. Биыл көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 2,7 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді.  

Оның ішінде 500 мың тоннаға жуық өнімдер Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне экспортталса, 1 млн. тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілді», - деді Ж.Түймебаев.

Түркістан облысы жылыжай, тамшылатып суғару бойынша көш бастап тұр. Мәселен, жылыжай көлемі   1285,4 гектарды, ал тамшылатып суғару әдісі 6,4 мың гектерға артып, жалпы 64,4 мың гектарды құрады. Республикада жылыжайдың 80%-ы, тамшылатып суғару аумағының 72%-ы түркістандықтарға тиесілі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560