Дархан Қыдырәлі: Терең тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мақала
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты қоғам қайраткерлері әлеуметтік желілерде үн қосып жатыр.
Халықаралық түркі академиясының президенті және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желіде пікір білдірді.
«Руxани жаңғырудың жалғасы іспетті тағылымды мақалада ұлт тариxының бастаулары, Ұлы Дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың да нақты жолдары көрсетілген.
Терең тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мақаланың түгел түркі мен Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары сөзсіз», - деді ол.
Abai.kz