Басты мақсат - жерге байланысты xалықтың талабын орындату
Достар, АШМ-мен келіссөз жалғасуда.
Бір ай бұрын біз ұсынған ұсыныс-мақсаттарымыз баяғы сол:
1. А/Ш арналған, яғни үлкен көлемдегі жерлер жеке меншікте емес, тек жалда болуы керек. Жал тек ҚР азаматтарының немесе 100% ҚР заң тұлғалардың қолында болуы керек, 49 жылға дейін. Жеке меншік институтының орнына жал институтын заңдастыруымыз керек.
2. А/ш арналынған жерлеріне Бірыңғай аграрлық салықты орнатуымыз қажет. Ол латифундизмге қарсы нақты меxанизм.
3. Космомониторингті заңдастыру тиіспіз. Ол жерді қадағалайтын ашық кадастрдан да артық құрал.
Келіссөз-консультация конструктивті түрде өтіп жатыр, нәтижелерін осында баяндап жазам.
Басты мақсат - мораторийдің аяқталуына дейін (2022 жылға дейін) жерге байланысты xалықтың талабын орындату.
Мұхтар Тайжанның facebook парақшасынан
Abai.kz