Жолдауды қолдау: Шымкенттік жұмыс берушілер жалақыны көтермек
Биылғы жылдың қазан айында Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге арттыруды тапсырған болатын.
Елбасының жолдауын қолдау мақсатында Шымкентте 40 мыңнан астам жұмысшы 42 мың теңгеден төмен жалақы алады. Оның 11 мыңнан астамы — бюджеттік мекемелерде жұмыс істейді. Елбасы өзінің кезекті Жолдауында еліміздегі ең төменгі жалақыны 1,5 есеге арттыруды тапсырған-ды.
«Құрылыс қателікті кешірмейді. Нысан ұзақ жылға шыдас беру үшін сапалы жұмыс жүргізілуі тиіс. Ал сапаны талап етуде жұмысшыға мардымды жалақы төленуі тиіс», — дейді Ерлан Қасымбек. Жергілікті құрылыс компаниялардың бірінде жұмыс істейтін учаске басшысы жаңа жылдан бастап, 10 пайыздық үстемемен жалақы алатынын айтады. Бұл оған зор жауапкершілікті те жүктейді.
Ерлан Қасымбеков, учаске басшысы: «220 мың теңге айлық алып жүрмін. Жаңа жылдан бастап, 10 пайызға көтеріледі. Бұл үлкен жауапкершілік артады. Құрылыста сапа болмаса жұмыс жүрмейді ғой. Сондықтан үнемі қатаң тексеру, бақылау қажет.
700-ден аса жұмысшысы бар кұрылыс мекемесіндегі орташа жалақы — 130 мың теңге, ал ең төменгі жалақы 59 мың теңгені құрайды. Елбасы жолдауына қолдау білдіріп отырған жұмыс берушілер еңбеккерлерінің ай сайынғы жалақысын арттыру үшін қазірден іске кірісіпт».
Abai.kz