Сейсенбі, 26 Қараша 2024
46 - сөз 4165 4 пікір 28 Қараша, 2018 сағат 10:48

Астанадан Қазақ Ұлттық классикалық Өнер Академиясын ашу керек!

Ұлы даланың жеті қырын оқыған соң!

Мақала сөз жоқ жөн таба алмай айдың, күннің аманында адасып жүрген БАСШЫСЫМАҚТАРҒА шамшырақ екен! Мұнда ұлттық өнерге қатысты айтылған дүниелер керемет! Осыны пайдаланып менде өз ойымды ортаға салғанды жөн көрдім.

Тәуелсіздік алғанымызға табаны күректей 27 жыл болды. Осы уақыт аралығында ұлттық өнер, бір гүлдеп, бір солып, басын тауға да, тасқа да ұрып тұрақсыздықтың салдарынан сенделіп жүргені рас!

Егер басшылық тиімді пайдаланса бұл мақала, осы ұлттық өнердегі тұрақсыздықтың көзін жойып, кемелденуіне бастау болары сөзсіз. Ол үшін еліміздің жүрегі Астанадан ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫН ашу керек!!! Бұндай бір ғана ұлттық өнерді оқытып, бағыт-бағдар беретін оқу орыны көптеген елде бар! Мысалы көрші Ресейде. Және онда тек қана ұлттық музыка мен (ән, күй, жыр, айтыс, би) ұлттық қол өнер ғана салтанат құруы тиіс! Сондай-ақ, осы орталықтың ішінде ұлттық өнерді зерттейтін арнайы лаборатория жасақталуы тиіс. Оның жұмыс бағыты - ел арасынан және шет елден қазаққа қатысты мәдени мұраларды (сондай-ақ, түркі дүниесіне ортақ мұраларды да осында қамтуға болады)жинақтап, ұлттық аспаптарды бүгінгі қоғамға сай концерттік деңгейде дамыту, ән мәтіндерін бір жүйеге келтіретін текстологтар мен әнші-күйші композиторларға қатысты даулы мәселелерге нүкте қоятын өнер зерттеушілерін бір жерге тоғыстыру болуы керек!

Әншілердің дауысын ұлттық нақышын бұзбай тәрбиелеп, жетілдіру. Себебі бүгінгі таңда домбырамен ән салып жүрген әншілердің басым бөлігі академиялық (опералық) вокал үлгісінде дауысын шыңдап, табиғатынан ауытқып жүр! Жалпы ортақ сабақ беру методикасын даярлап жолға қою. Үйткені қазіргі уақытта ұлттық әнді үйрететін методика жоқ! Әр мұғалім өз білгенін, өз деңгейінде үйретіп келеді. Кешегі Әміре, Манарбек, Жүсіпбек, Ғарифолла сынды саңлақтар негізін салған ҰЛТТЫҚ ОПЕРАНЫ қайта жандандыру. Оны қазақ ұлт аспаптар оркестрімен сүймелдеуді тәжірибе ретінде байқап көріп, сәтті шығып жатса жүйеге енгізу.

Және өнерпаздардың саxнаға киіп шығатын киім үлгілерінде жас ерекшелігіне сай жүйеге қою. Кім-көрінгенге киім тіктіре бермей, ұлттық киім тариxын білетін дизайнерлерді де осында жұмылдыру қажет.

Қазақ күй өнерінің табиғатын тереңнен түсіндіріп, тілін ұқтыра білетін мамандар да осы жерде тоғысуы керек. Себебі қазіргі қазақ қоғамы күй табиғаты түгілі күйдің тілін де, әуенін де қабылдай алмайды! Бұныда осы академия арқылы ретке келтіруге болады. Және ұлттық өнерді мейлінше жан-жақты насиxаттау керек! Барлық теле-радио арналарды ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРІН насиxаттауға міндеттеу керек! Осы ретте, бір ғана арна міндетін тиісті атқарып келеді. Ол, Қазақстан ұлттық арнасы, Қазақ, Шалқар радиосы.

Қысқасы, бас қаламыз Астанадан ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫН ашу керек!!! Қазақтың ұлттық өнерінің шаңырағы ашылып, ән, күй, жыр өнері өзге өнердің бодандығынан құтылғанда ғана ҚАЗАҚ толық азат болмақ! Бұл менің ғана арман-тілегім емес! Ұлттық өнерді ұлықтап, өмірлік серік еткен өнерпаздардың және ұлт өнерін өз жанынан артық көретін тыңдарманның мұрат-мақсаты!

Қол астындағы қызыметкерлерінің санасына саңылау түсіріп, бағытын айқындап берген ЕЛБАСЫ - Нұрсұлтан Әбішұлына мың алғыс айтамын!

Ерлан Рысқалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019