Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4877 0 пікір 13 Қараша, 2018 сағат 21:42

Түркістан облысында тұқым бақтың жұмысы жанданып келеді

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы тұқым бақ жылына 1 млн көшет өндіреді. Онда алма, алқоры, алша, жүзім және шие сияқты жеміс-жидек түрлері мен тропикалық және экзотикалық өсімдіктердің де көшеттері бар.

Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы Хабар агенттігінің ақпаратар қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тропикалық жемістер жылыжайдың ішінде өсіріледі. Мұнда грек жаңғағы, інжір, анар дақылы да жерсіндірілген. Тұқым бақ мамандары енді киви өсіруді де қолға алыпты. Одан бөлек, жылыжайда 210 түп аналық лимон ағашы жайқалып тұр. Қазір жемісі көздің жауын алады. Тұқым бақ қызметкерлерінің айтуынша, күтімі жақсы болса мұндағы бір түп лимон 20 кг дейін өнім береді. Жалпы тұқым бақтың аумағы – 100 жектар. Оның 2,5 гектарында жылыжай орналасқан. Мұнда 50-ге жуық адам жыл он екі ай жұмыс істейді.

Танабай Шынтасов, тұқым бақ басшысы:

– Кем дегенде бір көшет шығару үшін үш жыл уақыт керек. Оған қажетті аналығын да 3 жыл ұстау керек. Соның барлығын үш жыл ұстағанан кейін барып, көшет шығару керек. Жұмыс өте ауыр. Істелетін жұмыстардың барлығы қолмен жасалады. Бұл жерде қол жұмысы өте көп.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1251
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2778
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 899
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 849