Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1607 0 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 22:29

Түркістан облысында 6 млрд теңгеге екі мақта өңдеу зауыты салынуда

Түркістан облысында 6 млрд теңгеден астам қаражатқа екі мақта өңдеу зауыты салынып жатыр. Шардара ауданында орналасқан екі кәсіпорынды іске қосу осы қараша, желтоқсан айларының соңына жоспарланып отыр. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«TURKISTAN INVEST» инвестициялық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, зауыттардың бірін салуға инвесторлар 5 миллиард 475 миллион теңге қаражат салды. Нысанның жалпы аумағы - 13 гектар. 250-300 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорыннның өндірістік қуаты жылына 150 мың тоннаға жетеді. Дайын өнім толықтай Қытай еліне тасымалданады.

Бүгінгі күні мұнда өндірістік ғимараттардың құрылысы жүргізілуде. Нысанға қажетті жабдықтар мен техника жеткізілген. Ал, екінші зауыттың құрылысын қаржыландыру өзбекстандық инвестициялар есебінен жүргізілуде.

Жобалық құны 890 млн теңге болатын нысан «Шардара» индустриялдық аймағында 10 гектар жерге салынуда. Өндірістік қуаттылығы 50 мың тонна болатын зауытта 50 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұл компанияның өнімдері де Қытайға экспортталмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608