Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2458 0 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 23:15

Жылыжай жобалары Сарыағаш ауданында жақсы дамуда

Биылғы жылдың қазан айында Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Қазақстан халқының әл-ауқатын барынша көтеру жайы да айтылған еді. Жолдауға сай Түркістан облысында ауылшаруашылығы саласына үлкен қолдау көрсетілуде.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Түркістан» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданында өнеркәсіптік жылыжай жобаларын әлемде сәтті жүргізіп келе жатқан шетелдік Испанияның «ULMA Agricola» компаниясының өкілі Р.Мартин, Түркияның «NGS Teknik» компаниясының өкілі Н.Ширин, «Panel Dizayn» компаниясының өкілі Б.Ялчин,Өзбекстанның «Semak Group» халықаралық компаниясының өкілі К.Мухаммадалимен кездесу жиыны өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұлов, ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Талипов, «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның даму жөніндегі атқарушы директоры Ұ.Аппазов, тиісті бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округтердің ауыл шаруашылығы мамандары, ауданның жылыжай шаруашылығы саласында белсенді әрекет етуші кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиын барысында бүгінгі таңда өнеркәсіптік жылыжай саласында қолданылып жатқан алдыңғы қатарлы әлемдік технологиялар, саланың дамуына түрткі болатын жаңа мүмкіндіктер және инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4140